Мақсаты
Агроөнеркәсіп кешеніне және әлемдік ғылым-білім кеңістігіне қажетті мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар әлеуметтік бағдарланған, жоғары мәдениетті және толерантты тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.
Болжам
Қазақ ұлттық аграрлық университеті – инновациялық бағыттағы элиталық жоғары оқу орны, Қазақстан мен Орта және Орталық Азиядағы аграрлық секторының көшбасшысы:
- Ғылыми-ағартушылық жүйені халықаралық білім стандарттарына сай жүргізе отырып, бітірушілердің экономикалық сектордың талаптарына сай, әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына ықпал жасау;
- Әлемдік QS рейтингтік агенттігінің 300 жоғары оқу орнындары құрамына ену;
- Білім мен ғылымды және өндірісті агроөнеркәсіп кешеніндегі инновация негізінде интеграциялай отырып, білім алушылар мен профессор-оқытушылардың ұтқырлығын арттыру;
- Қазақстандағы аграрлық ғылымда жаңа білім беру жүйесін құру;
- Адам капиталын дамытуда белгіленген талаптарды кепілдендіру.
Мақсаты

