Университет қашықтықтан білім беруге көшті

Университет туралы

Университеттің қысқаша тарихы

Университеттің миссиясы
Университеттің миссиясы
Университетке 85 жыл!
Өмірдің жарқын сәттері

«Тарих - өткеннің куәгері,

ақиқат нұры, тірі жады,

өмір мұғалімі, көне заман жаршысы».

Цицерон

Әр дәуір ел алдына өз міндеттері мен жаңа талаптарын қояды. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстанда социалистік меншік пен ұжымдастыру негізінде ауыл шаруашылығы дами бастады. Қойылған міндетті іске асыру үшін білікті кадрлар қажет болды. Осыған байланысты жоғары ауылшаруашылық оқу орындарын құру туралы шешім қабылданды.
Алматы зооветеринарлық институты – Қазақстанның бірінші ауыл шаруашылық және екінші жоғары оқу орны. 1929 жылы РСФСР Халық комиссарлар кеңесінің қаулысымен Ветеринарлық институт құрылды. Институттың ресми ашылуы 1929 жылдың 1 қазанында өтті.

photo photo
 
photo photo

Ол бұрынғы Верный ерлер гимназиясының ғимаратында орналасқан (қазіргі Әйтеке би, 28). Ветеринария факультетінің негізінде Алматы зооветеринарлық институты құрылды. Ветеринария факультетінің құрамына келесі кафедралар енді: зоология, ботаника, физика және математика, бейорганикалық және аналитикалық химия, ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясы.
Кафедраларды ұйымдастыруға профессор И.В. Сайкович (микробиология), профессор И.Г. Васильков (ботаника), профессор В.В. Авербург (гистология және эмбриология), профессор Б.А. Домбровский (анатомия), академик И.П. Павловтың шәкірті профессор М.П. Калмыков (жануарлар физиологиясы) Киевтен бір топ оқытушылармен бірге келген, Омбыдан шақырылған профессор Н. Л. Караваев (бейорганикалық және аналитикалық химия), профессор В. А. Клер (зоология), профессор В. В. Келлерман (физика және математика) және басқа көрнекті ғалымдар баға жетпес үлесін қосты.

photo photo
 
photo photo
 
photo photo

Көп ұзамай БКП(б) Қазкрайком Бюросының шешімі негізінде Ветеринарлық институт  Ветеринарлық-зоотехникалық институты болып қайта құрылды. Ветеринарлық институттың алғашқы директоры ғалым микробиолог И.В. Сайкович болды, ал кейінгі жылдары   Л.М. Атаянц (1930-1932 жж.), С. Арғыншиев (1932-1933 жж.),  М.Т. Юнусов (1933-1934 жж),   Е.В. Байгаскин (1934-1936 жж.) А.Ф. Антипенко (1936-1937жж.), А.Я. Дзержинский (1946-1951 жж.), Ф.М. Мұхамедғалиев (1951-1958 жж.), Г.К. Қонақбаев (1958-1963 жж.), М.А. Ермеков (1963-1972 жж.),  З.К. Қожебеков (1972-1983 жж.) және К.С. Сәбденов (1983-1996 жж.) басқарған. 

photo photo
 
photo photo
 
photo photo

1933 жылы институт Алматы зооветеринарлық институты болып қайта аталды. Осы жоғары оқу орнының беделін арттыруға белсене қатысқан қазақ зиялылары  институттың  қалыптасуы мен өркендеуінде үлкен рөл атқарды. Зиялылар қатарында әлемге әйгілі жазушы, Ленин сыйлығының лауреаты, орыс және қазақ тілдерінен сабақ берген ҚазКСР ҒА академигі М.О. Әуезов, профессорлар А.А. Ермеков пен Х.Н. Нұрмұхамедов, доценттер М.Д. Жолдыбаев пен Т.А. Ахметов, оқытушылар М.Ж. Жиенқұлов, С.Б. Бейсалиев, Х.А. Әбішев, Р.А. Бөкейханов, Б.А. Бірімжанов, Т.К. Чумбалов, А.М. Ғаббасов, С.О. Омаров, К.Д. Ділімбетов және басқалар болды.
Институтта КСРО ҒА, ҚазКСР ҒА (ҚР) ВАСХНИЛ және ҚазКСР ҒА мүшелері, академиктер С.Н. Вышелесский, В.А. Бальмонт, Д.А. Зыков, Ф.М. Мұхамедқалиев, Н.У. Базанова, З.К. Қожебеков, корреспондент-мүшелері М.А. Ермеков, А.К. Росляков, А.М. Мурзамадиев, И.Н. Нечаев, М.М. Тойшыбеков, Т.С. Сайдулдин   дәріс беріп, зерттеулер жүргізген. 1979 жылы мамандарды даярлаудағы үлкен үлесі үшін Алматы зооветеринарлық институты Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.  

photo photo

Қазақ ауыл шаруашылығы институты 1930 жылы құрылған. Оның құрамында егістік және жеміс-көкөніс факультеттері болды. Бірінші түлектер 1933 жылы бітіріп шықты – 78 адам жоғары білім алды, оның ішінде 51 агроном және 27 жеміс-көкөніс өсірушілер. Оқуды аяқтаған 78 адамның 20-сы қазақтар еді.    
Институттың қалыптасуы мен кейінгі дамуына оның басшылары үлкен үлес қосты: директорлары О.К. Жандосов (1930–1932 жж.), Х.Д. Чурин (1932– 1937 жж.), Н.М. Бекетов (1937–1939 жж.), С.С. Сыздықов (1939–1940 жж.), А.И. Сембаев (1940–1941 жж.), Д.А. Андриянов (1941–1943 жж.), А. Жұматов (1943–1959 жж.), А.И. Дорофеев (1960–1961 жж.), Е.Б. Тайбеков (1961– 1963 жж.)  және ректорлары Х.А. Арыстанбеков (1963–1981 жж.), Т.Т. Тазабеков (1981–1985 жж.), Б.П. Шах (1985–1992 жж.), Е.Ж. Жұмабеков (1992–1996 жж.) және К.А. Сағадиев (1996-2001 жж.).
ҚазАШИ КСРО-ның ірі және жетекші ауылшаруашылық жоғары оқу орындарының қатарына енді. Бұл бағытта институттың профессорлық-оқытушылық құрамының еңбегі зор болған академектер Р.А. Елешев, С.Б. Байзақов, профессорлар А.А. Әуезов, А.Қ. Қойшыбаев, М.Ж. Сабыров, Б.Д. Дүйсенов, Ж.К. Қорғасбаев және әртүрлі жылдары институттың негізгі қызметі бойынша проректорлары болып қызмет атқарғандарды ерекше атап өткен жөн.
1971 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты ауыл шаруашылығы мамандарын даярлаудағы үлкен үлесі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.  
 

photo photo

1996 жылы Қазақстандағы ең көне екі жоғары оқу орны – Алматы зооветеринарлық институты мен Қазақ ауыл шаруашылығы институтының негізінде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті құрылды. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ректоры болып республиканың жоғары мектебі мен ғылымының ірі қайраткері, ҚР ҰҒА академигі Сағадиев Қ.А. тағайындалды.
2001 жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Қазақ мемлекеттік аграрлық университетіне ерекше мәртебе беріліп, университет Қазақ ұлттық аграрлық университетіне  айналды. Бұл өз кезегінде оның имиджін, беделін арттырды, осылайша білікті мамандарды даярлау жауапкершілігін арттырды. Қазақ ұлттық аграрлық университеті өзінің мәртебесіне сәйкес, оқу процесінде инновациялық және озық әдістерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау сапасын арттыру дәстүрін берік ұстанып келеді.
Жоғары оқу орыны құрылғаннан бері ұжыммен бүгінгі күнге дейін республикамыздың агроөнеркәсіптік кешенінің, білім беру саласы мен ғылымының дамуына айтарлықтай үлес қосқан 140 мыңнан астам мамандар дайындалды. Олардың арасында 2 Кеңес Одағының Батыры, 25 Социалистік Еңбек Ері, ССРО-ның және ҚазССР Жоғары Кеңесінің, ҚР Парламентінің 70 депутаты, ҚР еңбек сіңірген қызметкерлері мен қайраткерлері, министрлер, облыс әкімдері және көрнекі мемлекеттік қызметкерлер, 11000-нан астам ғылым докторлары мен кандидаттары, сондай-ақ өздерін, университетті, тіпті бүкіл Қазақстанды дүниеге танытқан басқа да көптеген түлектер бар.

photo photo
 
photo photo


2001 жылдан бастап университетті ҚР ҰҒА Вице-Президенті, академик, э.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тілектес Исабайұлы Есполов басқарады. Ол ҚазАШИ түлегі. Осы жылдар ішінде Есполов Т.И. университеттің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, ғылымды, білім мен практиканы интеграциялауға бағытталған үлкен жұмыс жүргізіп, білім беру сапасының менеджмент жүйесін енгізді, сапаны қамтамасыз ету жүйесінің жеке тұжырымдамасын, ЖОО-ның 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру моделін әзірледі.
Оның басшылығымен университет мамандарды үш деңгейлі даярлауға көшті: бакалавр –магистр – PhD докторы, оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді. Әлемдік білім беру деңгейіне қол жеткізу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, соның арқасында университет Еуропалық білім беру кеңістігіне енді, Болон декларациясына қосылды, көптеген шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасты және т.б. ҚазҰАУ үлгісінде зерттеу университетінің Қазақстандық моделі әзірленді, ол ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне, сондай-ақ ТМД-ның жетекші аграрлық ЖОО-ларына арналған.
Есполов Т.И. ТМД жетекші аграрлық жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің төрағасы, Оңтүстік Корея, Қытай, Венгрия, Ресей, Литва, Украина, Беларусь, Молдова, Әзірбайжан, Армения және т. б. 14 жетекші аграрлық жоғары оқу орындарының құрметті докторы болып табылады.
 

photo photo

Университет 43 бакалавриат, 2 арнайы жоғары білім, 43 магистратура және 17 PhD докторантура мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. 7 факультет пен 30 кафедрада 8 мыңнан астам адам білім алуда, оның ішінде 1,2 мың магистрант пен PhD докторанты бар, бұл  білім алушылардың 15%-ның құрайды. Мемлекеттік білім беру гранттары бойынша білім алушылардың үлесі 66%-ды құрайды.
Кадрларды даярлауды 790 оқытушы жүзеге асырады, оның ішінде 19 ҚР ҰҒА академигі, 103 ғылым докторы және 284 ғылым кандидаты, 102 PhD докторы бар. Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылардың үлесі штаттағы оқытушылар санының 62% - ын құрайды.
2001 жылдан бастап ЖОО білім, ғылым және өндірісті интеграциялау процесін бастады. Ол үшін «АгроДаму» аграрлық ғылыми-өндірістік консорциумы құрылды. Фермерлердің жоғары мектебі республиканың 9 облысы мен 88 ауданында ауыл кәсіпкерлеріне консалтингтік қызмет көрсетеді.
Аграрлық білім берудің мектеп (лицей) – колледж – университет секілді үздіксіз жүйесін жүзеге асыратын «Агробілім» халықаралық қауымдастығы мен  шағын академиясы құрылды.
2010 жылдан бастап ЖОО үздік шетелдік ғылыми орталықтар мен ЖОО сарапшыларының қолдауымен жобалық басқарудың халықаралық стандарттары негізінде Ұлттық Зерттеу университетіне айналу процесін бастады.
2010 жылы университетке инновациялық бағыттағы университет мәртебесі берілді.
Жоғары оқу орны дамуының жаңа кезеңі ретінде 2015 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 226 қаулысына сәйкес «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына берілді.
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 22 тамыздағы № 659 қаулысына сәйкес «ҚазҰАУ» РМК ҚР АШМ жанындағы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ құрамына кірді және жарғылық капиталына мемлекеттің 100% қатысуымен КЕАҚ болып қайта құрылды. Бұл ЖОО-ға академиялық еркіндік алуға, автономияға көшуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, өзін-өзі қаржыландыру қағидаттарын іске асыруға мүмкіндік берді.
ЖОО-да қуатты ғылыми-білім беру инфрақұрылымы құрылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің (USDA, АҚШ) ұсынымы бойынша және INRA (Франция), INTA (Аргентина), EMBRAPA (Бразилия) жетекші ғылыми орталықтарының тәжірибесі бойынша университетте Халықаралық Агротехнологиялық хаб құрылды, оның миссиясы ретінде  АӨК-дегі үздік инновациялық технологиялар мен жаңа білімдерді іздестіру, тарту және трансферттеу болып табылады. Агрохабтың құрамында  АҚШ, Нидерланды, Италия, Франция, Испания, Оңтүстік Корея, Малайзия, Қытай, Ресей, Беларусь сияқты және басқа да елдермен нақты ғылыми жобалар шеңберінде ашылған 7 ғылыми-зерттеу институты, 49 зерттеу зертханасы, 18 халықаралық зерттеу орталығы жұмыс істейді. Зертханалар халықаралық агенттіктерде аккредиттелген және жоғары оқу орындарының, ҒЗИ және агроқұрылымдар ғалымдарының ұжымдық пайдалануына ашық.
Өсімдіктерді микроклоналды көбейту зертханасын, сүт бойынша референттік зертхана құруға және ахуалдық орталық пен Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталығын қосымша жарақтандыруға 2019 жылы республикалық бюджеттен 5,0 млн. АҚШ доллар бөлінді.
Ахуалдық орталықты қосымша жарақтандыру арқылы барлық мүдделі құрылымдарды тарта отырып, GIS технологиялары, машиналық талдау және үлкен деректер талдамасы көмегімен ауыл шаруашылығының жай-күйі, ақпаратты өңдеу және визуалдау туралы барлық деректерді шоғырландыруға мүмкіндікке қол жеткізуге болады. Заманауи компьютерлік жабдықтармен жарақтандырылған бұл орталықта студенттерді қашықтықтан оқыту, халықаралық жазғы мектептер, конференциялар, жас ғалымдар форумы, ТМД жетекші аграрлық жоо ректорлары кеңесінің отырыстары, Қазақстанның ауыл кәсіпкерлеріне арналған онлайн-консалтинг өткізіледі. 2020 жылдың наурыз айынан бастап университет ғалымдары Экстеншн жүйесі бойынша 30 мыңнан астам адам пайдаланған фермерлер арналған 70-тен астам онлайн-консультациялар өткізді.
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасын меңгерген агроинженерлік кадрларды даярлау және қайта даярлау сапасын арттыру үшін Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталығы құрылып,   75 бірлік трактормен, комбайнмен және басқа да ауыл шаруашылығы техникасымен толықтырылды.
Аталған орталықтың құрылуы «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығында 10 түрлі дақыл бойынша демонстрациялау алаңын, мал шаруашылығы бойынша көрсету фермасын құруға мүмкіндік берді.
Университет базасында 11 мамандық бойынша ИИДМБ үшін кадрлар даярлау жүргізілген 10 жоо-ның біріне айналды. Осы бағдарлама шеңберінде «Тамақ өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін және топырақтың, судың және шикізаттың экологиялық сапасын талдау», «Тамақ өнімдерінің технологиясы», «Жасыл биотехнология және жасушалық инженерия», «Табиғи ресурстарды басқару және агро-экожүйелерді тұрақты дамыту» атты 4 зертхана құрылды.
Университет ғалымдарының ғылыми зерттеулері Қазақстандағы азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, яғни  экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ 2022 жылға қарай еңбек өнімділігі деңгейін 2,5 есеге арттыруға бағытталған.
Университет ғалымдары 100-ге жуық зерттеу, енгізу және халықаралық жобаларды жүзеге асыруда.
Университет ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін өндіріске енгізудің оң үрдісі байқалады - ҒЗЖ нәтижелерінің 10%-ы коммерцияландырылған.
2010 жылы құрылған Қазақстан-Жапон инновациялық орталығында жануарларды генотиптеу, биоматериалға метагеномдық талдау, электрондық-микроскопиялық және басқа да зерттеулер жүргізіледі.
Тамақ өнімдерінің технологиясы мен сапасын зерттеу инновациялық орталығында өсімдік және жануар тектес шикізатты қайта өңдеу бойынша тамақ өнімдерін шығарудың қолданыстағы технологиялары жетілдіріліп,  жаңа технологиялары әзірленуде.
Тұрақты егіншілікті зерттеу орталығында ғалымдар Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығымен бірлесіп, жердің жай-күйіне мониторинг, ауыл шаруашылығы дақылдарының әлеуетті шығымдылығын бағалау және т. б. іс-шаралар жүргізеді.
Университеттің халықаралық Вакцинология ғылыми-зерттеу орталығы Аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығымен бірлесе отырып, шетелдік серіктестер – Огайо штатының Университеті (АҚШ) және Vaxine биотехнологиялық компаниясының (Австралия) қолдауымен COVID-19-ға қарсы NARUVAX-C19 және NARUVAX-C19/Nano атты 2 вакцина жасады. Олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне covid-19-ға қарсы вакциналық перспективалы үміткерлер ретінде енгізілген.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сапары аясында 2018 жылы АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің ауылшаруашылық зерттеулер қызметімен (USDA), Мичиган штатының университетімен, Корнель университетімен меморандумдарға қол қойылды. АДБ қолдауымен USDA және Мичиган штатының университетімен Ақмола облысының жайылымдық аумақтарын бағалау бойынша бірлескен жоба орындалуда. NASA-мен және жерді жаһандық өзгерту және бақылау орталығымен «Қазақстан мен Моңғолиядағы тамақ өнімдерінің, энергия мен судың өзара тәуелді динамикасы» тақырыбында жоба жүзеге асырылуда.
Қазақстан-Нидерланд зерттеу орталығында DutchFruitSolutions компаниясымен бірлесіп голландиялық технология бойынша қарқынды бақ құрылды. Алма, алмұрт, қара өрік, шие, көкжидек, құлпынай, қызыл қарақат және аспарагустың 54 сорттары отырғызылды. Бұл компаниямен жеміс қоймасын салу туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстан-Корей зерттеу орталығында жабық топырақта ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысатын басшылар мен мамандар үшін тренингтер өткізіледі. Оқу шаруашылығы базасында «ақылды» жылыжай құрылысы жүргізілуде. Инвестициялар Корея Республикасының қорынан тартылып, 1,5 млн. АҚШ доллары бөлінді. Жыл сайын 450 тоннаға дейін көкөніс өндірілетін болады. Алматы қаласының «Алматы алмасы» рәмізін қалпына келтіру және «Павловния» ағашын отырғызу бойынша жоба іске асырылуда.
Қазақстанның оңтүстігінде сиыр етін өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отырған американдық TysonFoods компаниясымен жұмыс басталды.
Австриялық «APC» компаниясымен бірлесіп, «асыл тұқымды сүтті Smart-фермасы бар мал шаруашылығының инновациялық ғылыми-білім беру орталығы» жобасы іске асырылуда. Ғалымдар жануарлардың, атап айтқанда ет және сүт бағытындағы ірі қара малдың, қойлардың отандық құйрықты тұқымдарының, жылқылардың, түйелердің генетикалық әлеуетін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде.
Қазақстанда 7 жыл ішінде жеміс ағаштарының бактериялық күйігін жұқтыру ауқымы 40 есе кеңейді. Корнель Университетімен (АҚШ) бірлесіп микроклоналды көбею зертханасында бактериялық күйікке және басқа ауруларға төзімді 3 млн. данаға дейін сау көшеттер алынатын болады.
Монпелье (Франция) университетімен бірлесіп ашылған референттік зертхана сүт және сүт өнімдерінің сапасын талдаумен айналысатын болады, онда ауыл кәсіпкерлері өндірілген өнімнің сапасы бойынша сертификат ала алады.
Seppic (Франция) компаниясымен жануарларды және т.б. емдеуге арналған тиімді вакцина жасай отырып, адъюванттардың тиімділігін зерттеу бойынша халықаралық жоба орындалуда.
Ланджоу ғылыми-зерттеу ветеринарлық институтымен (ҚХР) бірлесіп, жануарлардың негізгі трансшекаралық ауруларының алдын алу және олармен күресу үшін жаңа өнімдер әзірленуде.
Итальяндық Еуро Корес Консалтинг компаниясымен бірлесіп, Digital орталық базасында ауыл шаруашылығы секторын мониторингтеу мен бақылаудың ақпараттық цифрлық жүйесі құрылатын болады.
Су ресурстарын тиімді басқару мәселелерін шешу үшін Қазақстан мен Орталық Азия су ғалымдарының күш-жігерін біріктіру мақсатында АДБ және Мичиган штатының университетімен (АҚШ) бірлесіп, Халықаралық зерттеу орталығы - 14 заманауи зерттеу зертханалары бар су хабы ашылды. Жер және климаттық хабтар құрылуда.
Су проблемалары бойынша ғалымдардың ғылыми зерттеулері ұлттық қауіпсіздікті, атап айтқанда су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. География институтының ғалымдарымен бірге алынған зерттеу нәтижелері «Қазақстанның су ресурстары: бағалау, болжау, басқару» атты ғылыми жұмысқа енді. Бұл 30 томдық бірегей еңбек   Қазақстан тарихында алғаш рет жарық көрген және ТМД елдерінде теңдесі жоқ болып келеді.
«Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығы базасында Агротехнопаркті дамыту бойынша жұмыс жалғасып, онда ЖОО ғалымдары инновациялық технологияларды, техниканы Қазақстанның ауыл шаруашылығы жағдайларына бейімдеуді жүргізуде. Ғалымдар 36 дақылдың 100-ден астам түрін зерттеу үстінде.
Ғалымдар дүниежүзілік көкөніс өсіру орталығымен (WVC) ынтымақтастықты жалғастыруда. «Көкөніс шаруашылығы» ғылыми-зерттеу орталығында қызанақ, картоп, бұрыш, салаттың 5 бірегей сорттары өсіріліп шығарылды. Олардың өнімділігі аудандастырылған сорттардан 27-50%-ға жоғары. Екі жылдық көкөніс дақылдарының тұқым өсіру технологиясы әзірленіп, ұсынылды, бұл тұқым өндіруге жұмсалатын шығындарды орта есеппен 25-30%-ға азайтуға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары орман шаруашылығы саласындағы ғалымдар теректердің 7 сорттары мен будандарын алды. Ит жүзім тәрізді шырғанақ селекциясы бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Арал теңізінің түбін игеру, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жабайы жеміс бақтарын (Сиверс алма ағашы, кәдімгі өрік) қалпына келтіру, Қазақстанның ірі қалаларын көгалдандырудың тиімділігін бағалау мәселелері зерделеніп, ұсынымдар берілді. Қазіргі уақытта Сырдария мен Жетісудың тоғайлы ормандарына зерттеулер жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің генетикалық әлеуетін және селекциясын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Патенттермен қорғалған жануарлардың 14 тұқымы өсірілді. Мысалы, Сарыарқа қылшық жүнді құйрықты қойлар өте ерте жетілгендігімен ерекшеленеді. Енесінен бөлу кезінде жас жануарлар 40 кг - ға жетеді, ал жеке қозылар 4 айға дейін 50-55 кг-ға жетеді. Ордабасы құйрықты қой тұқымының тірі салмағы 110-123 кг-ға, ұрғашылары 68-80 кг-ға, енесінен бөліуге дайын қозылар 33-43 кг-ға жетеді. «Жас қой етін өндірудің инновациялық технологиялары» ғылыми жобасының нәтижелері «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде ұсынылған еді.
Ветеринария саласында ауыл шаруашылығы жануарлары ауруларының алдын алу және емдеу үшін 70-тен астам препарат әзірленіп, өндіріске енгізілді, 300-ден астам патент алынды, 88 нормативтік құжат әзірленді.
Асыл тұқымды малдардағы жасырын мутация  тасымалдаушыларын детекциялау үшін ПТР-тест әзірленді, жоғары өнімді сиырларда ооциттерді трансвагиналды аспирациялау технологиясы және ооциттерді экстракорпоралды ұрықтандыру әзірленді. Сиырлардағы эстралды циклды синхрондау схемалары әзірленіп, енгізілді. Нәтижесінде шаруашылықтардағы сиырлар мен тайыншалардың ұрықтануы 87-ден 100-ге дейінгі пайызды құрады.
ҚазҰАУ зерттеу университеті ретінде ұлттық деңгейде табысқа жетіп, мойындалып, халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі өз ұстанымын нығайтуға бағытталған.
Қазіргі уақытта университет әлемнің 137 жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастығын жалғастыруда. Жоғары білім және ғылым бойынша 15 халықаралық қауымдастық пен ұйымның мүшесі болып табылады:

  1. GCHERA - Аграрлық жоғары оқу орындары мен ғылымның жаһандық консорциумы
  2. Өмір туралы Еуропалық ғылымдар университеттерінің қауымдастығы (ICA)
  3. Университеттердің Ұлы Хартиясы (MagnaChartaUniversitatum)
  4. Вишеград университеттер қауымдастығы
  5. IREG Обсерваториясының халықаралық форумы
  6. Еуропалық жоғары оқу орындарының қауымдастығы (EUA)
  7. ТМД-ға қатысушы елдердің жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорларының кеңесі
  8. Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің университеттер қауымдастығы (AUAP)
  9. КАСКАД – Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ ауыл шаруашылығы университеттерінің консорциумы (CASCADE)
  10.  «Eurasia-PacificUninet» университеттер қауымдастығы   (Австрия Ғылым және білім министрлігі)
  11. Ветстамбул групп VetistanbulGroup
  12. Біріккен Ұлттар Ұйымының «Академиялық топтармен өзара іс-қимыл  бастамасы (ЮНАИ)»
  13. GreenMetricWorldUniversityRanking Халықаралық рейтингтік ұйым
  14. Жібек жолы университеттерінің желісі (The Silk-road Universities Network - SUN).
  15. Дүниежүзілік Жел энергетикалық қауымдастығы /WWEA, Швеция).

Тәжірибеге бағытталған мамандарды даярлауды күшейту үшін практиканың барлық түрлері 7 айға дейін ұлғайтылды. Агробизнесті стратегиялық зерттеу орталығы құрылып, онда студенттер екінші курстан бастап бизнес-жоспарлар әзірлейді.
Университетте АҚШ, Еуропа, Тынық мұхит аймағы елдерінің жетекші серіктес жоғары оқу орындарымен қос дипломның 11 бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мысалы, Варшава жаратылыстану ғылымдары университетімен (Польша) «IT-технологияларды пайдалана отырып, су ресурстарын басқару» қос дипломды магистрлік бағдарламасы іске асырылуда.
Университет өзінің инновациялық дамуында аграрлық мамандықтар бойынша QS әлемдік рейтингінде №1 жоғары оқу орны болып табылатын Вагенинген (Нидерланды) зерттеу университетінің тәжірибесін басшылыққа алады.
2019 жылғы қарашада ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Мамин бастаған Қазақстанның үкіметтік делегациясының Нидерланд Корольдігіне сапары кезінде біздің жоғары оқу орындары арасында «Ветеринариялық-тамақ қауіпсіздігі және технологиясы» және «Өсімдіктер мен технологиялар туралы ғылым» білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды бірлесіп даярлау туралы келісімге қол қойылды.
Университетте «Вагенинген-Қазақстан» білім беру орталығы құрылып, онда 2020-2021 оқу жылында пилоттық режимде студенттерді «Өсімдіктер және технологиялар туралы ғылым», «Ветеринариялық-тамақ қауіпсіздігі және технологиялар» екі білім беру бағдарламасы бойынша даярлау басталды.
Әр бағдарламаға 50 студенттен қабылдау жоспарлануда, олар елден шықпай-ақ сапалы білім алатын болады. Мұндай бағдарламаларды енгізу - әлемдік деңгейдегі, халықаралық аренада бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға және алынған тәжірибені еліміздің жоғары оқу орындарына таратуға мүмкіндік береді.
Жыл сайын өткізілетін қорытынды халықаралық Агротехнологиялық Саммит тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңына айналды, оның жұмысына әлемнің жетекші елдерінің көрнекті ғалымдары, сарапшылары қатысады. 2019 жылғы желтоқсанда оның жұмысына әлемнің 30 елінен 250 көрнекті ғалымдар, сарапшылар қатысты. Осы жылдың желтоқсан айында V АгроСаммит онлайн режимінде өтеді.
Ғылыми зерттеулерге магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар белсенді қатысуда. ҚазҰАУ жас ғалымдар кеңесі еліміздің жоғары оқу орындары арасында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жас ғалымдарының үздік кеңесі атанды. WebofScience халықаралық ақпараттық-талдау платформасының деректері бойынша осы жылы университет екінші рет қатарынан «Аграрлық университеттер арасында соңғы 3 жылда WebofScienceCoreCollection Q1 және Q2 квартиль журналдарындағы жарияланымдар саны бойынша көшбасшы» тәуелсіз марапатына ие болды.
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлыққа 4 жетекші ғалым, мемлекеттік ғылыми стипендияға 3 ғалым және де университеттің 1 жас ғалымы Н.Назарбаев қорының грантына ие болды. Бұл университетте құрылған Жас зерттеушілер мектебінің тиімділігін растайды.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық XIV слетінде университет еліміздің "үздік оқу орны" деп танылды. 
ЖОО академиялық адалдық және оны бұзуға төзбеушілік қағидаттарын енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру мақсатында академиялық адалдық Лигасына кірді.
Университет «Н.Назарбаев: Білім, ғылым және «Рухани жаңғыру институтын»» ашты. Институттың басты мақсаты - Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өмірлік ұстанымдары мен жасампаз идеяларын жан-жақты пайдалану арқылы жастардың бойында патриоттық және саяси мәдениетті қалыптастыруға бағытталған білім беру және тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Институтта Назарбаев Білім және ғылым орталығы, «Елбасы кітапханасы», «Достық», «Таза планета», «Айбын» әскери-патриоттық клубы, «Әдеп» клубы, «Парасат», «Еріктілер» орталықтары, «Саналы ұрпақ» клубы және басқалары жұмыс істейді.
Университет пандемия жағдайында оқытудың жаңа форматына көшті. Әлеуметтік-тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілдері толығымен қайта қаралды. Студенттерге әлеуметтік маңызы бар бастамаларды тудыру, шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру үшін қашықтықтан оқыту алаңдары ұсынылды.
Университет жастармен әлеуметтік-тәрбие жұмыстарын толығымен қайта құрды. Студенттердің жүйелі түрде ақпаратты алуы үшін университетте Сall–орталық құрылып, онда оқу–ғылым–тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі ақпарат орналастырылады. Тіркеушінің виртуалды кеңсесі, виртуалды Деканат және виртуалды Ректорат жұмыс істейді.
Кураторлар мен эдвайзерлердің функциялары кеңейтілді. Олар әр оқушымен байланыста болып, оқу үрдісінде көмек көрсетуге   және оларды аудиториядан тыс өмірге баулуға мүмкіндік алған. Студенттерге әлеуметтік маңызы бар бастамаларды тудыру, шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру үшін қашықтықтан оқыту алаңдары ұсынылды.
10 жылдық трансформация нәтижесінде 2020 жылғы 23 қазанда жоғары оқу орнына ұлттық зерттеу университеті мәртебесін беру туралы Үкіметтің №707 Қаулысы қабылданды және «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілді. Бұл жоо-ға үлкен жауапкершілікті жүктейді және жаңа міндеттер қояды.
Келесі кезең – мықты басшылықты, миссия мен мақсаттарға нақты көзқарасты, сондай-ақ ұйымдаса отырып, тұжырымдалған  саясатты, ережелер мен процедураларды қажет ететін әлемдік деңгейдегі зерттеу университетін құру.
Әлемдік деңгейдегі университеттің табысқа жетуіне ықпал ететін факторлар – өз таланттарын даярлау, олар білімі мен технологияларды өндіріске белсенді түрде жұмсайтын, өз қаражаты есебінен инфрақұрылымды кеңейтетін болады. Тиімді менеджментті дамыту көшбасшылық қасиеттерді, стратегиялық пайымдар мен инновацияларды көтермелеуге бағытталатын болады.
Жүйелі жұмыс нәтижесінде университет 9 халықаралық және ұлттық рейтингте лайықты орынға ие болды. Өткен жылы университет үлкен серпіліс жасап, 60 позицияға көтеріліп, 591 орынға ие болды. Мақсаты – 2024 жылға қарай QS-400 рейтингі бар әлемдік деңгейдегі университет болу.
Осылайша, университет агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда елдің бәсекеге қабілеттілігіне айтарлықтай әсер ететін аграрлық-индустриялық дамудың білім беру, ғылыми, инновациялық ортасының өзегі мен интеграторына айналды. Бұл жоғары оқу орнының әлемдік деңгейдегі университет ретінде қалыптасуының негізі болып табылады.