Хабарландыру: Талапкерлер - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті ХабарландыруТалапкерлер - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Университетке түсу

Проходные баллы - 2018-2019
Результаты конкурса грантов для поступления в КазНАУ в 2019 году доступны для просмотра
ҚазҰАУ-да оқуға қабылдау ережелері
ҚазҰАУ-да оқуға қабылдау ережелерін жүктеу үшін

Хабарландыру
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
 - ректордың атына өтініш;
- жоғары білім алғаны туралы құжат және оған қосымша (транскрипт) (түпнұсқа);
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- 3х4 см. көлеміндегі фотосурет – 6 дана;
- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
- кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);
- ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының расталған тізімі (бар болған жағдайда);
- мамандық бойынша эссе(1-1,5 бетте);
- қосымша құжаттар (сертификаттар, мақтау қағаздары, марапаттаулар, ұсыныс және т. б.).
Магистратураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.
 
Қабылдау комиссиясы магистратураға түсу үшін құжаттарды 03 шілде мен 31  шілде аралығында мына мекен-жай бойынша қабылдайды: Абай даңғылы, 8, бас ғимарат. Дүйсенбіден сенбіге дейін, сағ. 9.00-18.00 аралығында, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
 
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ:
Түсу емтихандарын тапсыру тамыздың 10-і мен 20-сы аралығында өткізіледі:
- шет тілі бойынша;
- мамандық бойынша.
Шет тілі бойынша түсу емтиханы (ағылшын, француз, неміс) тест түрінде тапсырылады. Емтихан ҚР БҒМ Ұлттық мемлекеттік білім беру стандарттары және тестілеу орталығы ұсынған технология бойынша өтеді. Тестке жіберілу үшін ҚазҰАУ қабылдау комиссиясының рұқсат қағазын алу керек.
Шет тілі бойынша түсу емтиханын тапсыру күні өзіңізбен бірге болуы керек:
  • жеке куәлік;
  • рұқсат қағаз.
Мамандық бойынша емтихан  қазақ/орыс тілдерінде тапсырылады. Түсу емтиханының бағдарламасы университет сайтына www.kaznau.kz («Түсушілерге арналған ақпарат» бөлімінде) орналастырылған.
 
МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАНУ
Магистрант қатарына қабылдау – 31-тамызға дейін жүргізіледі.
Түсу емтихандары қорытындысы бойынша 150 баллдан төмен болмаса, үміткер іріктеу конкурсына (Мемлекеттік білім беру гранты)  қатысуға  құқылы.
 
Сонымен қатар, үміткерлер ақылы келісім-шарт негізінде оқуға түсуге құқылы. Оқу құны 2017-2018 жылға 646 300 теңгені құрады.
 
Қабылдау комиссиясының мекен-жайы
Қазақстан, 050010, Алматы, ул. Абай көшесі, 8 (бас ғимарат) Күн сайын демалыссыз, 9 00-ден 18 00-ге дейін.