Ашық есік күндері: Талапкерлер - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Ашық есік күндеріТалапкерлер - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Университетке түсу

Проходные баллы - 2018-2019
Результаты конкурса грантов для поступления в КазНАУ в 2019 году доступны для просмотра
ҚазҰАУ-да оқуға қабылдау ережелері
ҚазҰАУ-да оқуға қабылдау ережелерін жүктеу үшін

Ашық есік күндері
Қымбатты ТАЛАПКЕР!
 
Біз Сізді Қазақстандағы тарихы мол, тәжірибесі бай университетімізде қуанышпен қарсы алуға дайынбыз. Еліміздегі жетекші аграрлық жоғары оқу орны болып табылатын Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне биыл 85 жыл толды. Осы уақыт аралығында университет 140 мыңнан астам маман дайындап, елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі ғылым мен білімнің дамуына айрықша үлес қосып келеді.
Университет түлектерінің арасында 3 Кеңес одағының батыры, 35 Социалистік Еңбек Ері, 80-нен аса КСРО Жоғарғы Кеңесі мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, 60 академик, 12 Мемлекеттік сыйлықтың иегері, агроөндіріс саласын ұйымдастырушы атақты мамандар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, министрлер мен әкімдер, ғалымдар мен агроөндірістік кешеннің білікті жетекшілері бар.
Университеттің миссиясы: «Әлемдік ғылым мен білім беру кеңістігі мен агроөнеркәсіптік кешенде бәсекеге қабілетті маман дайындау, мәдениеті жоғары, толерантты тұлға қалыптастыру үшін барлық жағдайларды жасау».
Аграрлық ғылым мен білімнің көшбасшысы бола отырып, университет атақты ғалымдардың ірі мектебін қалыптастырды. Ауылшаруашылық саласына сапалы мамандар дайындауда 116 ғылым докторы, 19 PhD докторы, 17 ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі мен корреспондент мүшесі, 290 ғылым кандидаты қызмет етеді. Ғылыми дәрежесі мен атағы бар оқытушылар үлесі 65% құрайды.
Университет бакалавриаттың 39, жоғары білім берудің 2, магистратураның 39, PhD докторантураның 16 мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Университет мықты ғылым-білім инфрақұрылымына ие. Олар: 7 ғылыми-зерттеу институты, 31 ғылыми-зерттеу лабораториясы, инновациялық жылыжай, 5 инновациялық орталық, оның ішінде Қазақ-Жапон инновациялық орталығы бар.
2010 жылы университетке инновацияға бейімделген жоғары оқу орны мәртебесі берілді, бүгінде ол Ұлттық зерттеу Университетіне трансформациялануда.
2014 жылы Университет Ұлттық институционалды аккредитациядан және Германияның ACQUIN агенттігінің халықаралық мамандандырылған аккредитациясынан, ал 2015 жылы мемлекеттік аттестациядан өтті.
Университет ұжымы инновацияға, жаңалықтарға бейімделген, бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін барлық жағдайды жасайды және Сізді асыға күтеді!
Құрметпен, Т.И. Есполов
университет ректоры, ҚазҰҒА академигі.
 
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
  •  аккредиттеуден өткен Ұлттық аграрлық университет;
  • аграрлық салаға нарықта сұранысқа ие болатын мамандар дайындау;
  • мемлекеттік үлгідегі диплом;
  • студенттердің Халықаралық бағдарламалар бойынша әлемнің 103 университетінде білім алу және тәжірибе алмасу мүмкіндіктері;
  • қос диплом беру;
  • магистратура мен докторантурада білімін жалғастыру;
  • қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім беру;
  • жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы;
  • бітіруші түлектердің мемлекеттік ұйымдарда, ҚР АӨК аймақтық және жергілікті басқармаларда айрықша сұранысқа ие болуы;
  • заманауи қондырғылармен жабдықталған ғылыми зертханалар;
  • инновациялық білім беру технологиялары;
  • университет ғимараттары әсем Алматы қаласының орталығындағы экологиялық таза ауданда орналасқан;
  • толығымен жабдықталған 12 оқу ғимараты мен 10 студенттер үйі;
  • бай ғылыми кітапхана;
  • елдегі ең үздік деп танылған әскери қафедра қосымша мамандық береді (кафедрада қыз балалар да оқиды);
  • жастардың жеке телестудиясы;
  • тамақтану комбинаты;
  • жедел интернет пен WiFi желісі;
  • әртүрлі мәдени шараларға толы қызықты да, жарқын сәттерімен есіңізде қалатын Студенттік өмір.
  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ДАЙЫНДАЙТЫН МАМАНДЫҚТАР:
  •  БАКАЛАВРИАТ– «бакалавр» біліктілігі, оқу мерзімі – 4 жыл;
  • ЖОҒАРЫ АРНАУЛЫ МАМАНДАР– «маман» біліктілігі, оқу мерзімі – 5 жыл;
  • МАГИСТРАТУРА – академиялық дәреже – «магистр», оқу мерзімі - 2 жыл;
  • PhD ДОКТОРАНТУРА– ғылыми дәреже – «PhD докторы», оқу  мерзімі - 3 жыл;
 Университет АБ №0142690 мемлекеттік лицензияға ие.
Оқу мемлекеттік білім беру гранты бойынша және ақылы-келісім шарт негізінде жүргізіледі.
 
Университетте студенттер 6 факультет пен 28 кафедрада білім алады:
 
 «АГРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ
(біліктілігі – «бакалавр», оқу мерзімі - 4 жыл)
 
ШИФР МАМАНДЫҚТАР АТАУЫ БЕЙІНДІК ПӘН ТАҢДАУ ПӘНІ
5В080100 АГРОНОМИЯ биология биология
5В080800 ТОПЫРАҚТАНУ  ЖӘНЕ АГРОХИМИЯ биология биология
5В081100 ӨСІМДІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КАРАНТИН биология биология
5В060800 ЭКОЛОГИЯ биология биология
 
 
Мамандық иелері басшы және жоғары білікті маман ретінде барлық ауылшаруашылық құрылымдарда, өсімдік қорғау стансаларында, карантин және тұқым инспекцияларында, биофабрикалар мен жеміс-көкөніс және өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен сақтау кәсіпорындарында, кеден, экология, қоршаған ортаны қорғау саласы мекемелерінде, ғылыми мекемелерде, мемлекеттік, жергілікті басқару органдарында қызмет атқара алады.  

«ГИДРОТЕХНИКА, МЕЛИОРАЦИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС» ФАКУЛЬТЕТІ
(біліктілігі – «бакалавр», оқу мерзімі - 4 жыл) 
 
ШИФР МАМАНДЫҚТАР АТАУЫ БЕЙІНДІК  ПӘН ТАҢДАУ ПӘНІ
5В030100 ҚҰҚЫҚТАНУ дүние жүзі тарихы дүние жүзі тарихы
5В050600 ЭКОНОМИКА математика география
5В050700 МЕНЕДЖМЕНТ математика география
5В050800 ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ математика география
5В050900 ҚАРЖЫ математика география
5В051000 МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ математика география
5В051100 МАРКЕТИНГ математика география
5В090800 БАҒАЛАУ математика география
5В080500 СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ СУДЫ ПАЙДАЛАНУ география география
5В081000 ЖЕРДІ МЕЛИОРАЦИЯЛАУ, БАПТАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ математика биология
 
Бітіруші түлектер менеджер, маркетолог, есепші, экономист, инженер, юрист-кеңес беруші  ретінде мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында, бизнес құрылымдарда, кеденде, банктер мен фирмаларда, салық комитеттерінде, аудиторлық және халықаралық компанияларда, ішкі істер әділет басқармаларында, сот ұйымдары мен прокуратурада, ауылшаруашылық кәсіпорындарда, жер ресурстары, су пайдалану, жерді мелиорациялау, жер мен жылжымайтын мүлікті бағалау басқармаларында,қоршаған ортаны қорғау ғылыми мекемелерде қызмет атқара алады, сонымен қатар жеке бизнеспен айналыса алады..

 «ОРМАН, ЖЕР РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ЖЕМІС-КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ФАКУЛЬТЕТІ
(біліктілігі – «бакалавр», оқу мерзімі - 4 жыл)
 
ШИФР МАМАНДЫҚТАР АТАУЫ БЕЙІНДІК ПӘН ТАҢДАУ ПӘНІ
5В080700 ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ география география
5В090700 КАДАСТР география география
5В080900 ЖЕМІС - КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ биология биология
5В090300 ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ математика география
5В080300 АҢШЫЛЫҚТАНУ ЖӘНЕ АҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ биология биология
 
Бітіруші түлектер жоғары білікті маман ретінде орман, жер ресурстары басқармаларында, орман өсіру, ағаш дайындау техникалары мен құрал-жабдықтары кәсіпорындарында, орман қорын тиімді пайдалану және ағаш дайындау мекемелерінде, жер кадастрын, жер құқығы мен қатынастарын жүргізу кәсіпорындарында, аң аулау шаруашылығын бақылау және жабайы аңдарды аулау мен оларды тіркеу техникасы мекемелерінде, аң аулау инспекцияларында, өсімдік шаруашылығы және жеміс-көкөніс өнімдерін өсіру, сақтау, қайта өңдеу кәсіпорындарында, жылыжай кешендерінде, тәлімбақтарда, басқа да аграрлық құрылымдарда, кеденде қызмет атқара алады.

 «ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ
 (жоғары арнайы білім, оқу мерзімі - 5 жыл)
 
ШИФР МАМАНДЫҚ БЕЙІНДІК ПӘН ТАҢДАУ ПӘНІ
5В120100 ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА биология биология
5В120200 ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРИЯ биология биология
 
Мамандық иелері ветеринарлық қызмет комитеттері мен зертханаларда, базарларда, барлық аграрлық құрылым нысандарында, санитарлық-эпидемиологиялық стансаларда, кеден мекемелерінде, дәрі-дәрмек, биопрепарат пен вакциналар өндіретін биокомбинаттар мен ғылыми-зерттеу орталықтарында ветеринар дәрігер ретінде, сонымен қатар, жоғары оқу орындарында ұстаздық қызмет атқара алады.

«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР» ФАКУЛЬТЕТІ
(біліктілігі – «бакалавр», оқу мерзімі - 4 жыл) 
 
ШИФР МАМАНДЫҚТАР АТАУЫ БЕЙІНДІК ПӘН ТАҢДАУ ПӘНІ
5В070100 БИОТЕХНОЛОГИЯ биология биология
5В080200 МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ биология биология
5В080400 БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК БАЛЫҚ АУЛАУ биология биология
5В072700 АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ химия химия
5В072800 ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ химия химия
5В073200 СТАНДАРТТАУ, СЕРТИФИКАТТАУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ математика физика
5В072400 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТАР физика физика
 
 Мамандық иелері менеджер, жоғары білімді маман ретінде ауыл шаруашылығы комитеттері мен департаменттерінде, ауылшаруашылық кәсіпорындарында, тамақ өнімдері кәсіпорындары мен қайта өңдеу өнеркәсіптерінде, биотехнологиялық, мемлекеттік асылтұқымды мал зауыттарында, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, дайындау және қайта өңдеу кәсіпорындарында, балық өнімдерін өндіру кәсіпорындарында және ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік стандарттау, сертификаттау мекемелерінде, азық-түлік өнімдерін өткізу және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарда, машина жасау және мұнай-газ кәсіпорындарында қызмет атқара алады.
 
 «ИНЖЕНЕРЛІК» ФАКУЛЬТЕТ
(біліктілігі – «бакалавр», оқу мерзімі - 4 жыл) 
 
ШИФР МАМАНДЫҚ БЕЙІНДІК ПӘН ТАҢДАУ ПӘНІ
5В012000 КӘСІПТІК ОҚЫТУ математика физика
5В071200 МАШИНА ЖАСАУ математика физика
5В071300 КӨЛІК, КӨЛІКТІК ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР математика физика
5В073100 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨМІР ТІРШІЛІГІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ математика физика
5В090100 КӨЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖҮК ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ математика физика
5В070200 АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ математика физика
5В070300 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР математика физика
5В070400 ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ математика физика
5В071700 ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКАСЫ математика физика
5В071800 ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ математика физика
5В081200 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЭНЕРГИЯМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ физика физика
5В080600 АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ физика физика
5В090900 ЛОГИСТИКА (сала бойынша) математика география
 
Мамандық иелері техникалық сервис, қызмет көрсету орталықтарында және ауылшаруашылық өнімдерді қайта өңдеу кәсіпорындарында, ауылшаруашылық өндіріс үдерістерін механикаландыру және электрлендіру, жүк тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру (жол полициясында) кәсіпорындарында, логистикалық жүйелер мен технологиялардың қызмет етуін қамтамасыз ететін логистикалық орталықтар мен корпорацияларда, ҚР инвестициялар және даму министрлігінің транзит пен көлік логистикасын дамыту департаментінде, жылу-электр орталықтарында, су-электр стансаларында, жобалау институттарында, ірі мемлекеттік және жекеменшік АӨК кәсіпорындарында, есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету салаларында, жоғары оқу орындарында қызмет атқарады.

УНИВЕРСИТЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ:
 
Кешендік тестілеуге (КТ) қатысу үшін құжаттар 20 маусымнан 9 шілдеге дейін қабылданады.
 
Кешенді тестілеуге қатысу үшін өткізілетін ҚҰЖАТТАР:
  • белгіленген үлгі бойынша өтініш;
  • аттестат немесе диплом (тұпнұсқа);
  • кешенді тестілеуге қатысу үшін қажетті ақыны төлегені туралы түбіртек (Халық банкі  немесе Қазпоштада төленеді);
  • көлемі 3х4 фотосурет - 6 дана;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шет ел азаматы үшін қазақ немесе орыс тіліне аударылған нотариалды расталған көшірмесі);
  • 086-У формадағы медициналық анықтама (флюорография түсірмесімен);
  • 063 формадағы егу картасы;
  • әскерге тіркеу куәлігінің көшірмесі.
Кешенді тестілеудің ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ 17-23 шілде аралығында қазақ немесе орыс тілінде, таңдаған мамандыққа сәйкес таңдау пәні бойынша өтеді. 
  1. Мемлекеттік білім грантына конкурсқа қатысу үшін құжаттар 23-31 шілдеге дейін қабылданады.
 Мемлекеттік білім грантына конкурсқа қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі ҚҰЖАТТАР тапсырылады:
  • белгіленген үлгі бойынша өтініш;
  • білімі туралы құжаттың (аттестат, диплом) түпнұсқасы;
  • ҰБТ немесе КТ тапсырғаны туралы мемлекеттік сертификат;
  • 3х4 көлемдегі түрлі-түсті фотосурет - 2 дана;
  • жеке басын растайтын құжат (көшірме);
  • 086-у формадағы медициналық анықтама, флюрография түсірмесімен.
 Мемлекеттік білім грантын ұтып алған немесе келісім-шарт негізінде оқитын талапкерлер тамыздың 25-не дейін ҚазҰАУ-дың қабылдау комиссиясына келесі ҚҰЖАТТАРЫН тапсырады:
  • университет ректорының атына белгіленген үлгі бойынша өтініш;
  • мемлекеттік білім грантының куәлігі;
  • білімі туралы құжаттың (аттестат, диплом) түпнұсқасы;
  • ҰБТ немесе КТ тапсырған туралы мемлекеттік сертификат (ақылы-келісім-шарт негізінде оқитын талапкерлер үшін);
  • 3х4 көлемдегі түрлі-түсті фотосурет - 6 дана;
  • жеке басын растайтын құжат (көшірме);
  • 086-У формадағы медициналық анықтама, флюорография түсірмесімен. 
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ӘСКЕРИ КАФЕДРАСЫ ҚР қарулы күштер қатарына қажетті запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасына сәйкес төрт әскери-есеп мамандықтары бойынша студенттерге білім береді. Әскери кафедрада ер балалармен қатар, қыз балалар да білім алады.
 
ҚР Үкіметінің 9 шілде 2013 ж. № 698 Қаулысына сәйкес ҚазҰАУ-нің «Білім» (5В012000), «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» (5В080100 - 5В081200) және «Ветеринария» (5В120100 - 5В120200) мамандықтары бойынша мемлекеттік білім грантына конкурсқа қатысу үшін тестілеу нәтижелері кемінде 60 балл, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл, ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинау қажет.
 
ҚР Үкіметінің 23 қаңтар 2008 ж. №58 Қаулысының 5.5 бабына сәйкес ҰЛТТЫҚ университеттер мамандықтары бойынша мемлекеттік білім грантына конкурсқа қатысу үшін талапкердің тестілеу нәтижелері кемінде 70 балл болуы керек.

Қысқартылған оқу мерзімімен университетте оқуын жалғастырғысы келген орта кәсіптік арнайы білімі бар (колледжден кейін) талапкерлер мамандықтарына сәйкес, мемлекеттік білім грантына немесе ақылы келісім-шарт бойынша оқуға түсіп, жоғары білімді бакалавр дәрежесіне ие бола алады.
Колледж түлектері кешенді тестілеу (КТ) тапсырады және оның нәтижелері бойынша ЖОО-на түсушілер арасындағы, ҚР БҒМ-ның сәйкестік бұйрығы бойынша, конкурсқа қатыса алады. Олар күндізгі бөлімде 3 жыл оқиды.
Басқа мамандық бойынша жоғары білім алғысы келген колледж бітірушілері күндізгі бөлімнің 1 курсына түсе алады.
  1. Сырттай оқу бөлімінде білім алғысы келген орта білімді талапкерлер (мектеп бітірушілер) 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша ақылы-келісімшарт негізінде 1 курстан бастап оқи алады.
Жоғары білімі бар және басқа мамандық бойынша екінші жоғары білім алғысы келетін тұлғалар емтихансыз (тиісті әңгімелесуден өткен соң) ақылы-келісімшарт негізінде кез келген мамандық бойынша (5В120100-«Ветеринарлық медицина», 5В120200-«Ветеринарлық санитария» мамандықтарынан басқа) білім ала алады. Оқу мерзімі – қашықтан оқыту технологиясы бойынша 2 жыл.
 
Студентер қатарына ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ 10-25 тамыз аралығында өткізіледі.
 
Ақылы-келісімшарт негізінде білім алғысы келген талапкерлер «Банк ЦентрКредит»-те оқудың жылдық оқу бағасының 25% төлеп, квитанцияның түбіртегін барлық құжаттармен бірге техникалық хатшыға тапсырады.
Ақылы-келісімшарт негізінде білім алушыларға жеңілдіктер жүйесі қарастырылған.
 
УНИВЕРСИТЕТТЕ 1 ЖЫЛДЫҚ ОҚУ БАҒАСЫ
мамандықтарға байланысты жеңілдіктерді есепке алғанда:
  • КҮНДІЗГІ БӨЛІМДЕ  382 000 - 414 000 теңге аралығында;
  • СЫРТТАЙ БӨЛІМДЕ 355 000 - 370 000 теңге аралығында.
 2015 ЖЫЛҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ БӨЛІНУІ
 
Шифр Мамандықтардың атауы 2015 жылғы  мемлекеттік  білім  беру гранттарының бөлінуі

Жалпы
1 к у р с Колледжден  кейін
барлығы қазақ орыс барлығы қазақ орыс
Б  И  О  Л  О  Г  И  Я
5В060800 Экология 139 139 104 35 - - -
5В070100 Биотехнология 205 205 154 51      
5В080100 Агрономия 340 247 186 61 93 70 23
5В080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы 270 240 180 60 30 22 8
5В080300 Аңшылықтану және аң шаруашылығы 30 20 15 5 10 8 2
5В080400 Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау 40 30 22 8 10 8 2
5В080800 Топырақтану және агрохимия 114 100 75 25 14 10 4
5В080900 Жеміс-көкөніс шаруашылығы 25 20 15 5 5 4 1
5В081000 Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау 55 50 27 13 5 4 1
5В081100 Өсімдік қорғау және карантин 210 180 135 45 30 22 8
5В120100 Ветеринарлық медицина 295 295 221 74 - - -
5В120200 Ветеринарлық санитария 152 152 114 38 - - -
Ф  И  З  И  К  А
5В012000 Кәсіптік оқыту 474 424 318 106 50 38 12
5В070200 Автоматтандыру және басқару 227 207 155 52 20 15 5
5В070300 Ақпараттық жүйелер 350 350 262 88 - - -
5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 471 440 330 110 31 23 8
5В071200 Машина жасау 510 490 367 123 20 15 5
5В071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар 440 420 315 105 20 15 5
5В071700 Жылу энергетикасы 230 210 157 53 20 15 5
5В071800 Электр энергетикасы 300 280 210 70 20 15 5
5В072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар 480 460 345 115 20 15 5
5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі 90 80 60 20 10 8 2
5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология 110 100 75 25 10
Қабылдау комиссиясының мекен-жайы
Қазақстан, 050010, Алматы, ул. Абай көшесі, 8 (бас ғимарат) Күн сайын демалыссыз, 9 00-ден 18 00-ге дейін.