Мамандық: Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
Мамандық

Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау

Галерея
=======
Су ресурстары және мелиорация
=======
Мамандық туралы Мамандық моделі Түлектер Жұмыс берушілер Сыртқы сараптама
 

Мелиорация (лат. melioratio – жақсарту) — жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады.    
Зерттеу мақсаты:  «Бүлінген жерлерді баптау және қорғау» . Табиғи ландшафттардың теңгермесінің бұзылуының және бүлінуінің себептері. Техногендік жер бедері бойынша бүлінген жерлердің классификациясы. Үйінділер мен қазындыларға байланысты және олардың өзара орналасуына байланысты табиғи-техногендік ландшафттардың классификациясы . Әр түрлі мақсаттағы жерді баптау жұмыстарын өткізудің қажеттілігін негіздеу.Бүлінген жерлерді қалпына келтіру - күрделі кешенді есеп.Табиғи-техногендік ландшафттардың рекультивация (баптау) кезеңдері. Табиғи-техногендік ландшафттарды рекультивациялаудың дайындық кезеңі. Табиғи-техногендік ландшафттарды баптаудың техникалық кезеңі. Табиғи-техногендік ландшафттарды баптаудың биологиялық кезеңі. Санитарлық-гигиеналық бағыты кезінде жерлерді баптаудың талабы. Бүлінген жерлерді баптаудың бағыттары.. Мелиоративтік құрылыс нысандарында жерді баптау. Жерді тегістеу кезінде топырақтың құнарлығын сақтау. Техногенді бүлінген жерлерді рекультивациялау үшін азот жинаушы жыныстарды пайдалану. Техногенді бүлінген жерлерді рекультивациялау үшін мелиорант жыныстарды пайдалану. Олардың құрамы, қасиеттері және қолдану жағдайлары. Биохимиялық тосқаулдар және олардың түрлері. Ауылшаруашылық бағытта пайдаланған кездегі карьерлердің территориясын рекультивациялау. Құрғақ карьерлерді баптау және үйлестіру. Орманшаруашылығы бағытында пайдаланылатын жерлердегі карьер өңірін баптау. Су басқан карьерлерді баптау және үйлестіру. Суландырылған карьерлердің шұңқыр топырақтарын өңдеу табанын және аудандарын баптау және үйлестіру. Өңделетін тау жоталарын баптау және үйлестіру. Шымтезек өндіру кезіндегі өндіру әдістері және бүлінген жерлердің ерекшеліктері. Шымтезек таусылып біткен өндіріс орнынын техникалық баптаудың негізгі жолдары. Шымтезек таусылып біткен өндіріс орнынын биологиялық баптаудың негізгі жолдары.