Мамандық: Ветеринарлық медицина
Мамандық

Ветеринарлық медицина

Галерея
=======
Биологиялық қауіпсіздік
=======
Мамандық туралы Мамандық моделі Түлектер Жұмыс берушілер Сыртқы сараптама
«Ветеринариялық медицина»білім беру бағдарламасының 2015-2019 даму жоспарының
Паспорты

 
1 ББ даму жоспарын жасау үшін негіздеме
- Қазақстан Республикасының білім беру саясатына сәйкес ББ даму жоспарының тақырыбы мен стратегиясы.
- Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 2020 жылғы дейінгі даму стратегиясы.
- «Биологиялық қауіпсіздік», «Клиникалық ветеринариялық медицина», «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну  биотехнологиясы» кафедрадарының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары.
 
2 ББ даму жоспарының негізгі жасаушылары
«Биологиялық қауіпсіздік», кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Тулемисова Ж.К., Клиникалық ветеринариялық медицина» кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., профессор Усенбеков Е.С., «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну  биотехнологиясы» кафедрасының меңгерушіс,.в.ғ.д., профессор Джуланов М.Н.және жоғарыда аталған кафедралар ПОҚ;
Жұмыс берушілер:
Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының директоры –  в.ғ.д.,  профессор Султанов А.А.
ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-ның директоры - в.ғ.д., профессор д.в.н.,ҚР ҰҒА академигі    Сансызбай А.Р.
 
3
ББ даму жоспарын жүзеге асыру мерзімі

2015 - 2019 жж.
 
4
Қаражаттандыру көздері және көлемі
Мемлекеттік бюджет және шаруашылық келісім-шарт негізі
5
ББ даму жоспарын жүзеге асырудан күтілетін соңғы нәтижелері
Халықаралық және ұлттық стандартардың талаптарына сәйкес ветеринариялық медицина саласына білікті мамандарды даярлау
 

Бағдарламаны аналитикалық негіздеу
 
Білім беру бағдарламасы жөнінде мәліметтер
Білім беру бағдарламасының мазмұны келесі құжаттармен анықталады:
  • Білім беру бағдарламасын жүргізу лицензиясы АБ №0142690, мерзімі – шектеусіз, берілген күні 03.07.2011 жыл, ҚР БҒМ БҒСБК 2011 жылғы 3 шілдедегі №592 бұйрығы.
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген);
              Білім беру бағдарламасы оқу жоспарлары (типтік, дербес және жұмысшы) мен бағдарламалары (типтік және силлабустар) арқылы жүзеге асырылады.
5В120100 – Ветеринариялық медицина бакалавриатында жоғары кәсіптік білім күндізгі және сырттай оқу түрінде өтеді,   ветеринария саласындағы теориялық, практикалық және  кәсіби қызмет үшін біліктілік мен дағдыларды өндіріске енгізуге ықпал етеді. Білім беру 5 мамандандыру бойынша жүргізіледі:  «Өнімді жануарлар бойынша мал дәрігері», «өнімсіз жануарлар бойынша мал дәрігері»,  «Зерттеу және зертханалық іс бойынша мал дәрігері»,  «мемлекеттік ветеринариялық қызмет», «Өнеркәсіптік құс шаруашылығының, балық және бал шаруашылығының мал дәрігері».
5В120100 – Ветеринариялық медицина мамандығының барлық пәндерін тиімді меңгеруге  қажетті логикалық реттілікке келтірілген.  Студент келесі пәндерді оқу үшін барлық пререквизиттерді өтуге міндетті.
Магистратурада (ғылыми-педагогикалық бағыт) 4 білім беру бағдараламасы бар:  №1 «Инфекциялық патология кезіндегі биологиялық қауіпсіздік» – 3 модуль и №2 «Инвазиялық патология кезіндегі биологиялық қауіпсіздік» – 3 модули; №3 «Жануарлар ауруларының терапиясы және балау» – 3 модуль;  №4 «Ветеринариялық  өсіп-өну және  хирургиялық патология» – 3 модуль.
Докторантура 4 білім беру бағдарламасынан тұрады: №1 «Жануарлардың аса қауіпті инфекциялық аурулары»- 5 модулей; №2 «Иммунитет және иммунагендік коррекция» - 5 модуль;  №3 «Ветеринариялық акушерлік және өсіп-өну биотехнологиясы» - 5 модуль;  №4 «Жануарлардың клиникалық хирургиясы» -5 модуль.

Толығырақ оқу