Мамандық: Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
Мамандық

Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)

Галерея
=======
Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі
=======
Мамандық туралы Мамандық моделі Түлектер Жұмыс берушілер Сыртқы сараптама
«5В072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)» мамандығы

5В072400, 6М072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандықтарының оқу бағдарламасының миссиясы ҚазҰАУ миссиясынан туындайтын, Технологиялық машиналар және жабдықтар саласындағы мамандарды жоғары сапалы  дайындықпен қамтамасыз ету; жаңа буынды рухани адамгершілікке тәрбиелеу; білім, ғылым және өндірісті ұштастыру. Агроөнеркәсіп кешені мен әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие, технология және технологиялық машиналар саласында жаңа үлгідегі мамандарды даярлауға жағдай жасау, университеттің қалыптасқан корпоративтік мәдениеті мен адамгершілік, эстетикалық, кəсіби жəне ғылыми құндылықтары, көп жыл бойы оқыту тәжірибесі негізінде жасалған.

5В072400 - «Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)» мамандығының оқу жоспарының мақсаттары мен жоспарлары келесідей: елдің әлеуметтік-экономикалық тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін агроөнеркәсіп кешендерінің қажеттілігін жоғары білікті мамандармен қанағаттандыру және оқу сапасын жақсарту,  оның тәжірибелік маңызын арттырып, нақты өндірістік жұмыстарды шешуге бағытталған.
5В072400 ОБ даму жоспары оқу және ғылыми құрал жабдықтарды сатып алу, жөндеу және іске қосу сонымен қатар қолданыстағы құрылғыларды жетілдіру; білім беру бағдарламаларының оқыту және бақылау әдістері мен технологияларын, болашағы бар инновациялақ оқу бағдарламаларын әзірлеу мен енгізу; студенттерді оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбиелік жұмыстарға ынталандыру; студенттің тұрмыстық жағдайын жақсарту, мәдени бос уақытын жетілдіріп, жеке тұлғаның шығармашылық дамуына мүмкіндік жасау.
5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының ОБ-ның дамуына қолда бар ресурстар жеткілікті: Кітапханадағы кітаптар фонды, барлық студенттер үшін компьютер сыныптары, интернет желісіне сымсыз қол жеткізудің болуы, жалпы ауданы 45 ш\м , ғылыми-зерттеу зертханасы технологиялар мен астық және оның өнімдерінің сапасы ұсынылған материалдық-техникалық базасы, және жалпы ауданы 70 ш\м азық-түлік экструзия технологиясы ғылыми-зерттеу зертханасы, слесарлық өңдеу зертханасы, токарлық, тегістеу, бұрғылау станоктарының зертханасы ,заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған ауыл шаруашылық машиналары мен астық жинайтын комбайндар.

5В072400 – "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" мамандығының оқу барысында келесідей зертханалар қолданылады:

1) "Астық және астық өнімдерінің технологиясы мен сапасы" ғылыми зертханасы
2) "Нан және нан өнімдерін пісірі технологиясы" ғылыми зертханасы
3) "Азық-түлік өнімдерінің экструзионды технологиясы" ғылыми зертханасы
4) Ұсталық өңдеу
5) Жонғыш, ажарлағыш, бұрғылағыш білдектер
6) Ауылшаруашылық машиналар мен құрал-жабдықтар
7) Астық тазалаушы комбайндар