Мамандық: Су ресурстары және суды пайдалану
Мамандық

Су ресурстары және суды пайдалану

Галерея
=======
Су ресурстары және мелиорация
=======
Мамандық туралы Мамандық моделі Түлектер Жұмыс берушілер Сыртқы сараптама
 
         

         "Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығы кредиттік жүйе бойынша үш деңгейлі (бакалавриат, магистратура, докторантура) мамандарды дайындайды. Мамандарды даярлауда 1 - ҚР ҰҒА Академигі, 6 - Ғылым докторлары, 9 - Ғылым кандидаттары, 4 - PhD докторлар қызмет атқарады.
           Жоғары білікті мамандар даярлауды қамтамасыз етуші инновациялық типтегі бұл мамандық Қазақстан Республикасының еңбек нарығында және әлемдік ғылым және білім беру кеңістігінде сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, жоғары мәдениетті, толерантты мамандар даярлауға жағдай жасайды.
       Студенттерді дайындау сапасын қамтамасыз ету бойынша ортақ мақсатқа жету үшін білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сай жұмыс оқу жоспары мен білім беру бағдарламалары әзірленген. Мамандарды даярлаудың деңгейлері бойынша модульдік білім беру бағдарламалары жасалған.
        Оқу үдерісінде оқытудың әртүрлі интерактивті әдістері кеңінен қолданылады: іскерлік ойын - тренингтер, заманауи мультимедиялық жабдықтарды пайдаланып сабақ өткізу, дөңгелек үстелдер, пікір-сайыстар және т.б. Лабораториялық жұмыстарды жүргізу үшін инновациялық құралдармен жабдықталған 9 лаборатория жұмыс жасайды. Студенттердің білімдерін бағалаудың модульдік-рейтингтік және тестілік жүйесі енгізілген.
           Біздің ғалымдар шетелдік университеттер және оқу-ғылыми орталықтарының ғалымдарымен байланыс жасайды. "Орта Азияда су ресурстарын тұрақты басқару" Халықаралық TEMPUS білім беру бағдарламасына қатысады. Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде жыл сайын Германия, Словакия, АҚШ, Литва, Чехия, Италия, Канада, Польша және т.б. мемлекеттері университеттерінен профессорлар дәріс оқиды. Біздің студенттер академиялық ұтқырлық бойынша, магистранттар мен докторанттар халықаралық бағдарламалар бойынша АҚШ, Германия, Польша, Чехия, Словакия, Испания, Франция, Малайзия, Индонезия және т.б. мемлекеттердің жоғары оқу орындарында және ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында бізде жыл сайын ҚР ҰҒА Академигі, профессор Т.И.Есполовтың жетекшілігімен "Су ресурстарын басқару" тақырыбында ISAS Халықаралық магистрлік жазғы мектеп өтеді.
           Мамандарды дайындауда ғылыми-зерттеу институттарымен және әртүрлі өндірістік құрылымдармен интеграция мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Су саласында қордаланған өзекті мәселелерді шешу, студенттердің тәжірибе алмасуы үшін 50-ден астам су шаруашылық құрылымдармен келісім-шарт жасалған. Солардың ішіндегі ірі серіктестер - "Казгипроводхоз" институты, КазНИИВХ, Балхаш-Алакөл бассейндік инспекциясы, ИД МФСА және т.б.
          Су қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мәселесі бойынша инновациялық тұжырымдар жасау мақсатында ҚР БжҒМ және ҚР АШМ ұсынған ғылыми бағдарламалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Ғылыми-зерттеу институттары базасында жоғарыда аталған ғылыми лабораториялар жұмыс жасайды. Студенттер, магистранттар мен докторанттарға ғылыммен айналысуға жағдай жасалған.
          Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) білім беру үдерісінің ажырамас бір бөлігі. Осы мақсатта бізде "Су және өмір" ("Вода и жизнь") студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс жасайды.
          Біздің студенттер университеттің қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысады, би, вокалдық және домбыра үйірмелеріне қатысады, университеттің дебаттық орталықтарындағы жұмыстарға белсене ат салысады, КВН командаларында өнер көрсетеді, спорттық шараларға ат салысады.
          Еңбек нарығында жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілетті маман болғыңыз келсе, студенттік жарқын шақтарды есте қалардай өткізгіңіз келсе, бізге қош келдіңіздер!