Мамандық: Стандарттау және сертификаттау
Мамандық

Стандарттау және сертификаттау

Галерея
=======
Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі
=======
Мамандық туралы Мамандық моделі Түлектер Жұмыс берушілер Сыртқы сараптама
Қазіргі таңда қазақстанды әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикасы бар мемлекет ретінде мойындаған. Қысқа тарихи мерзім ішінде тәуелсіздік алған Қазақстан әлемдік өркениетке кіріге отырып, жаңа прогрессивті технологиялар өндіру, сақтау, тасымалдау және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және мал шаруашылығын пайдаланып экономикада сілкініс жасады. Экономиканың нарықтық қарым-қатынасқа көшуіне байланысты аумақтардың ықпалы артуда. Кәсіпорындардың дербестігін арттырғандықтан әзірлеушілер арасындағы, өндірушілер, тұтынушылар, мемлекеттік органдар және аймақтық басқару  құқықтық қатынастарды мемлекеттiк реттеу қажеттігі және де бірінші кезекте адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіпсіздігін арттыру күшейтіп отыр. Тұтыну нарығының өсуіне әрі тауарлардың әртүрлілігіне байланысты стандарттау және сертификаттау саласындағы мамандарға деген сұраныс артуда. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы айқындалған. Осы орайда, 5В073200 – Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша), 6М073200 – Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша), 6D073200 – Стандарттау және сертификаттау мамандықтарының білім беру бағдарламасының рөлі мен маңызы артады.
Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы болып өндіруші мен тұтынушы үшін  өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігіне, өнімдер мен қызметтердің жоғары экономикалық тиімділігіне бағытталған. белгілеу, іске асыру және бақылау нормаларын, өнімге (қызметке), процеске (жұмысқа) және жүйеге деген ережелері мен талаптары болып табылады. Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері болып өнімдер, процестер (жұмыстар) және жүйелер; құрал-жабдықтар кәсіпорындар мен сынау зертханалары (орталықтарының); әдістері және өлшеу құралдары, сынау және бақылау; нормативтік құжаттама жүйелерін стандарттау, сертификаттау, метрология, сапа менеджменті; өндірістік, әлеуметтік және экологиялық метрологиялық қамтамасыз ету болып табылады. Ал бакалаврдың кәсіби қызметінің пәні ретінде нормативтік және нормативті-техникалық құжаттамалар; өлшеу құралдары, сынау және бақылау; метрологиялық қамтамасыз ету жатады.
Қазақстандағы зық-түлік өнеркәсібін дамыту, ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету, тамақ өнімдерінің сапасын жақсарту, ақыр соңында, күрделі азық-түлік өнімдерін өндіруді басқару  техникалық реттеу жүйесінің оның ішінде стандарттаудың қатысуынсыз мүмкін емес.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 5В073200 – Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша), 6М073200 – Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша), 6D073200 – Стандарттау және сертификаттау мамандықтары бойынша іске асырылып отырған білім беру бағдарламасы өңірлік еңбек нарығының түрлі зерттеу,  қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы салаларындағы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің заңдары мен нормативтік құжаттарын  талдау негізінде әзірленген.