Мамандық: Құқықтану
Мамандық

Құқықтану

Галерея
=======
Құқық
=======
Мамандық туралы Мамандық моделі Түлектер Жұмыс берушілер Сыртқы сараптама
       Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «5В030100 - Құқықтану» мамандығы бойынша бакалаврлар мен магистраннттарды дайындайтын білім бағдарламасы еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отыра, негізгі заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нормативтік актілеріне орайластыра отырып құрылған. Білім беру бағдарламасы нарық қажеттіліктерін негізге ала, ірі тауарөндірушілер мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес қалыптасады.
Мамандарды дайындау бойынша білім беру бағдарламалары:
«5В030100 - Құқықтану» мамандарын даярлау 03 шілде 2011 жылы берілген, әрекет ету мерзімі – мерзімсіз, сериясы АБ0142690 лицензияның негізінде жүзеге асырылады (Қосымша 1). Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің төрағасының 25 наурыздағы 2016 жылғы № 269 бұйрығы. (Осы құжат Қазақстан Республикасының 7 қаңтар 2003 жылғы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба» заңының 7-бабының, 1-тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатқа тең). Электрондық құжат www.elicense.kz. порталында қалыптастырылған. Жоғарыда аталған білім беру бағдарламалары бойынша мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаушы «Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультетінің, «Құқық» кафедрасы болып табылады. «5В030100 - Құқықтану» мамандығының миссиясы ҚазҰАУнің миссиясына сәйкес келеді. Бакалаврлар мен магистранттарды модулдік  оқыту ТМД, Азия, Еуропа және АҚШ университеттерінің  ақпараттық-академиялық желісі негізінде үйлестірілген, бәсекеге қабілетті заң  кадрларын, Қазақстанның құқық салалары мен әлеуметтік өмір аясына және әлемдік ғылым мен білім беру кеңістігіне қажетті.