Мамандық: Көлік, көліктік техника және технологиялар
Мамандық

Көлік, көліктік техника және технологиялар

Галерея
=======
Машина пайдалану
=======
Мамандық туралы Мамандық моделі Түлектер Жұмыс берушілер Сыртқы сараптама
   Бағдарламаның аналитикалық негізі. Оқу бағдарламасы жайлы мәлімет. «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының оқу бағдарламасы мамандардыкөлік техникасы және технологиялары аясында терең теориялық және практикалық даярлыққа бағытталған. «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының оқу бағдарламасы Ұлттық біліктілік пен кәсібтік стандарт негізінде, Дублиндік дискрипторлармен келісілген, 23 тамыз 2012 жылы №1080 Үкімет қаулысымен бекітілген жоғарғы білімнің Мемлекеттік жалпыміндетті стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаның басты мақсаты мен міндеттерін орындау мерзімі мен жетілдіру кезеңдері. Оқу бағдарламасын жетілдіру жоспарының басты мақсаты университеттің миссиясы мен стратегияларына сай әлемдік жахандану жағдайында көлік техникасын пайдалану, жөндеу және жобалау мәселелерін шешуге икемді, жоғары кәсіби деңгейге ие, еңбек рыногында бәсекеге қабілетті, көлік, көлік техникасы және технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлау. Оқу бағдарламасының мақсаты мемлекет пен қоғамның, ЖОО  - ның, талапкерлердің және жұмысберушілердің сұранысын қанағаттандыра отыра құрастырылған. Оқу бағдарламасының (ОБ) тәлім-тәрбие беру бағытындағы мақсаты студенттерде әлеуметтік-тұлғалық сапаларды: еңбексүйгіштік, ұйымдастыруға қабілеттілік, жауапкершілік, азаматтық, толеранттық қасиеттерді қалыптастыру.
Бакалавриат түлегіне 5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша «Көлік» бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Магистр түлегіне 6М071300 – «Көлік, көлік техника және технологиялары» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиалық дәрежесі беріледі.
 
 

Толығырақ оқу