Мамандық: Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Мамандық

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Галерея
=======
IT-технологиялар және автоматтандыру
=======
Мамандық туралы Мамандық моделі Түлектер Жұмыс берушілер Сыртқы сараптама

5B070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» 
мамандығының жалпы сипаттамасы

photo

 

Кәсіби қызмет нысандары        
5B070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірушілердің кәсіптік қызмет обьектісі болып келесілер саналады:

  • есептеу машиналары, кешендері, жүйелері және желілері;
  • ақпарат өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелері;
  • автоматтандырылған жобалау жүйелері;
  • есептеу техникасының және ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасы (бағдарлама, бағдарламалық комплекс және жүйелер).

Кәсіби қызмет түрлері
5B070400-«Есептеу техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бакалавр мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

  • Жобалаушы-құрастырушылық;
  • өндірістік-технологиялық;
  • эксперименталды-зерттеушілік;
  • ұйымдастыру-басқарушылық;
  • эксплуатациялық.
Кәсіби қызмет функциялары
5B070400  -«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бакалавр іргелі және арнаулы дайындығына сәйкес кәсіптік қызметтің обьектілері бойынша келесі функцияларды атқара алады:
  • есептеу техникаларын жобалау;
  • есептеу және ақпараттық жүйелерді эксплуатациялау;
  • жүйелер мен желілерді әкімшілік ету;
  • есептеу жүйелері мен желілерді сүйемелдеу;
  • ақпараттық жүйелерді тестілеу;
  • бағдарламалық-аппараттық қорғанышты қамтамассыздандыру.
Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
  •  аппаратты-бағдарламалық кешендер компонеттерінің сәулетін және оған сәйкес адам-машиналық интерфейстерін жобалау;
  •  ақпаратты өңдеудің және басқарудың компьютерлік жүйесін жүзеге асыру үшін бағдарламалау құралдарын, есептеу техникасы құралдарын қолдану;
  •  кәсіби қызмет объектілерінің бағдарламалық камтама, ақпараттық және математикалық элементтерін жобалау;
  •  кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуімен байланысқан ақпараттық және есептеу үрдістерінің бағдарламалық және математикалық модельдерін зерттеу және құру;
  •  есептеу техникасы жабдықтары мен жүйелерінің, процестердің, құбылыстардың математикалық модельдерін жүзеге асыру және таңдау;
  • кәсіби қызмет объектілерін зерттеу және өңдеу процесін ұйымдастыруда инструментальды бағдарламалық жабдықтарды және есептеу техникасы жабдықтары технологиясын таңдау;
  • ақпаратты басқарудың және өңдеудің компьютерлік жүйесін, есептеу техникасын, жүйелік, инструментальды және қолданбалы бағдарламалық қамтамсын қалыпқа келтіру және орнату;
  • ақпаратты басқарудың және өңдеудің компьютерлік жүйесін, бағдарламалық өнімдерін сүйемелдеу.
Кәсіби қызметінің мазмұны
Жобалау-құрастырушылық қызметі бойынша:
  • пәндік аймақ моделіне және техникалық жабдықтар мүмкіндігіне негізделген кәсіптік қызметтің жек объектісі компоненттерінің талаптарын және ерекшелігін әзірлеу;
  • аппараттық-бағдарламалық кешендер компонеттерінің сәулетін жобалау;
  • аппараттық-бағдарламалық кешендердің адам-машина интерфейсін жобалау;
  • аппараттық-бағдарламалық кешендерді тиімді түрде іске асыру үшін есептеу техника құралдарын бағдарламалау жабдықтарын қолдану;
  • қазіргі замандық әдістерге, құралдарға және жобалау технологиясына негізделе отырып ақпаратты өңдеу мен  басқарудың компьютерлік жүйелерінің математикалық, лингвистикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтама элементтерін жобалау.
Өндірістік-технологиялық қызмет бойынша:
  •  талап етілген сапа бойынша ақпаратты өңдеу және басқарудың  компьютерлік жүйелерінің, бағдарлама және бағдарламалық кешендер өндірісінің компонеттерін жасау;
  •  аппатарттық-бағдарламалық кешендерді тестілеу және жөндеу;
  •  сынау бағдарламаларын және әдістемелерін әзірлеу;
  •  кәсіптік қызмет объектілеріне сынақ жүргізу;
  •  аппараттық және бағдарламалық құралдарды кешендеу, есептеу жүйелерін, кешендерін және торптарын жинақтау;
  •  кәсіптік қызмет объектілерін сертификациялау.
Эксперименттік-зерттемелік қызмет бойынша:
  • адам қызметінің ғылыми зерттеулердегі, жобалау-құрастырушылық қызметтеріндегі технологиялық, экономикалық, әлеуметтік жүйелерді басқарудағы және гуманитарлық аймақтардағы мәселелерді шешуді жеңілдету үшін математикалық модельдерді, әдістерді, компьютерлік технологиялар мен жүйелерді таңдау;
  • әдістерді, алгоритмдерді, бағдарламаларды, аппараттық-бағдарламалық кешендер және жүйелерді теориялық және сараптық түрде зерттеу, талдау;
  • кәсіптік қызмет объектілерінің жұмысына байланысты есептік және ақпараттық үрдістердің математикалық және бағдарламалық модельдерін құру және зерттеу;
  • бағдарламалық-аппараттық кешендерді зерттеу жоспарларын, бағдарламаларын және әдістемелерін
  •  
Ұйымдастырушы-басқарушылық қызметі бойынша:
  • кәсіптік қызмет объектілерін әзірлеу үрдісінің жеке сатыларын зерттеу;
  • кәсіптік қызмет объектілерін әзірлеу үрдісін бағалау, бақылау және басқару;
  • кәсіптік қызмет объектілерін әзірлеу және зерттеу үрдісін ұйымдастыру кезінде технологияларды, құрал- жабдықтарды бағдарламалау және есептеу техникасы жабдықтарын таңдау;
  • қызметкерді кәсіптік қызмет объектілерін әзірлеу үрдісін ұйымдастырудың бекітілген шеңберінде оқыту.
Эксплуатациялық қызмет бойынша:
  • есептеу жүйелерінің және тораптарының жүйелік, инструменталдық және қолданбалы бағдарламалық қамтамасын орнату, жұмысқа икемдеу және қызмет көрсету;
  • түрлі жүйелердің бағдарламалық бұйымдарын қолдау;
  • кәсіптік қызмет объектісінің эксплуатациялық сипаттамаларын өлшеу әдістерін және жабдықтарын таңдау.