Мамандық: Ақпараттық жүйелер
Мамандық

Ақпараттық жүйелер

Галерея
=======
IT-технологиялар және автоматтандыру
=======
Мамандық туралы Мамандық моделі Түлектер Жұмыс берушілер Сыртқы сараптама

Мамандыққа жалпы сипаттама
5
В070300 – Ақпараттық жүйелер
photo

Қазіргі кездегі ақпараттық жүйелер өз уақытында қажетті ақпаратты бере алады, сонымен қатар өндірісте жетістіктерге жетуге, жаңа тауарлар мен қызметтер құруға, лайықты серіктестер қамтамасыз етуге, өнімді төмен бағамен шығаруды ұйымдастыруға және т.б. көмектеседі.
Мамандықты игерген түлектердің кәсіптік қызмет сферасы өнеркәсіп, ғылым және білім, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, мемлекеттік басқару болып табылады.
Бітірушілердің кәсіптік қызмет обьектісі: адам қызметінің әр түрлі аймағындағы өңдеуші, енгізуші, эксплуатациялаушы ақпараттық жүйелердің әр түрлі формадағы өндірістері мен өнеркәсіптері.
Бітірушілердің кәсіптік қызмет пәні: ақпараттық жүйелерді математикалық, ақпараттық, бағдарламалық, лингвистикалық, техникалық және құқықтық-ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету.

Кәсіптік қызмет түрлері:
5В070300- Ақпараттық жүйелер мамандығының бакалавры мынадай кәсіптік қызметтерді орындай алады:

  • Жобалаушы-техникалық;
  • Өндірістік-техникалық;
  • Ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • Эксплуатациялық.
Кәсіптік қызмет функциялары:
  • Жобалау
  • Эксплуатация
  • Тестілеу
  • Бағдарламалық-аппараттық қорғауды қамтамасыз ету.
Баклаврдың кәсіптік қызметтерінің типтік тапсырмалары:
  • Аппараттық жүйелердің әр түрлі компоненттерін және ақпараттық жүйелерді өңдеу және жобалау;
  • Ақпараттық жүйелердің желілік инфрасктурасын әкімшілендіру және конфигурациялау, инсталляциялау;
  • Ақпараттық жүйелердің мәліметтер қорын әкімшілендіру және жобалау;
  • Ақпараттық жүйелерді және оның элементтерін ақпараттық, бағдарламалық, техникалық және ұйымдастырудың құқықтық қамтамасыз ету.

    Кәсіптік қызмет бағыты:
     
  • Ақпараттық-іздеуші жүйелерді экплуатациялау, енгізу, өңдеу;
  • Ақпараттық-басқарушы жүйелерді экплуатациялау, енгізу, өңдеу;
  • Эксперттік жүйелерді экплуатациялау, енгізу, өңдеу
  • Ақпараттық - ұйымдастырудың жүйелері экплуатациялау, енгізу, өңдеу.