Студенттік шығармашылық басқармасы

ҚазҰАУ студенттерінің анықтамалары
Конкурстар мен фестивальдар

Біз туралы
Студенттік шығармашылық басқармасы 
 
2018 жылғы 01 қарашадағы № 631-ЖҚ бұйрығымен студенттік шығармашылық орталығы   студенттік шығармашылық  басқарма болып қайта аталды.
Студенттік шығармашылық басқармасы университеттің құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеті - студенттердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, дарынды жастарды анықтау және қолдау, студенттерге шығармашылық бастамаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау, жастардың шығармашылық бірлестіктері мен университеттің көркемдік үйірмелерін дамуына ықпал ету, ҚазҰАУ студенттерінің шығармашылық саласындағы дағдыларын қалыптастыру, студенттерді салт-дәстүрлермен таныстыру. Университеттің рухани құндылықтары, университет түлектерінің қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Басқарманың негізгі бағыты - студенттерге өздерінің таланттары мен қабілеттерін көрсете алатын мәдени шаралар ұйымдастыру.
Студенттік шығармашылық басқармасы көптеген жалпы университеттік іс-шаралар өткізеді, онда біздің студенттер белсенді қатысады, бұл – "Білім Күні", "Студенттер қатарына қабылдау ", "Тәуелсіздік Күні", "Наурыз", "ҚР Қарулы күштер Күні", "Жеңіс Күні", "Қарттар Күні" және т. б.
Студенттік жылдар тек дәрістер мен емтихандар, семинарлар, тесттер емес, бұл жеке тұлға болу уақыты, шығармашылық кезең, жаңа таланттар мен жаңа мүмкіндіктерді ашатын уақыт.
ҚазҰАУ-дың Студенттік шығармашылық басқармасында әр студенттің шығармашылық қабілеттерін ашуға және дамытуға барлық жағдай жасалған.
Университетте 10 көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істейді:
  1. «Дәстүрлі ән»
  2. «Алтын Дән» вокалды-аспаптық ансамблі
  3. А.Жұбанов атындағы Халық аспаптар оркестрі.
  4. «Гитарада ән орындау»
  5. Гүл-Бану би тобы
  6. Вокал
  7. Эстрадалық ән
  8. Академиялық ән
  9. «Жас талант» студенттік театры
  10.  Дыбыс жазу студиясы
Студенттік шығармашылық басқармасының бастығы Өмірзақова Шолпан Медетбекқызы ҚР Мәдениет қайраткері.

Байланыс телефоны: 8 (727) 264-25-14
 
Соңғы жаңалықтар Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты
Мекен-жайымыз:
Казахстан, 050010 г. Алматы, ул. Абая, 8 (Международный отдел) ПН-ПТ с 9 00 до 18 00.