ЖОО-ларды корпоративті бақсару жайында семинар өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #302 Статистика

ЖОО-ларды корпоративті бақсару жайында семинар өтті

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы корпоративтік басқару: қағидаттары, нысандары және даму перспективалары» атты халықаралық семинар өтуде. Семинар жұмысы Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп және Еуропалық Комиссияның білім, аудиовизуалды құралдар және мәдениет Атқарушы Агенттігінің (EAСEA) қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Семинарға шетелдік сарапшылар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, жоғары білімді реформалау бойынша сарапшы мамандар қатысуда. Аталған шараның мақсаты бағдарлама бойынша серіктестерді Еуропа Одағының жоғары білім орындарындағы корпоративтік басқару тәжірибесімен таныстыру және  қатысушылардың осы саладағы білім мен дағдыларын жүйелеу және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында корпоративтік басқару принциптерін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
 
photo
photo
photo

Семинардың ашылуында сөз сөйлеген ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов Қазақ ұлттық аграрлық университеті 2010 жылдан бастап Эразмус+ бағдарламаласының құрамына кіретін Эразмус Мундус, халықаралық кредиттік ұтқырлық компоненттерінің белсенді қатысушысы екендігін атап өтті. Ректор сондай-ақ, осы мерзімнің арасында 200-ден астам студенттер мен оқытушылар қос дипломдық бағдарлама негізінде білім алып, алдыңғы қатардағы еуропалық серіктес университеттерінде білімі мен біліктіліктерін артырып, дайындықтан өткеніне тоқталды. Баяндама барысында ректор – университет әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне танымал болды. Оқу орны түлектерінің халықаралық еңбек нарығында жұмысқа орналасу мүмкіндігі артып, шетелде алған тәжірибесі мен дағдыларын олар одан әрі еліміздің ауыл шаруашылығы секторында сәтті жүзеге асырып отырғандығын айрықша атап өтті. Сөз соңында ректор – Қазіргі кезде еліміздің ауыл шаруашылығы саласына білікті маман дайындайтын бас оқу орны – Қазақ ұлттық аграрлық университеті бүгінгі күні әлемдік талаптар бойынша ұлттық зерттеу университетіне трансформациялану жұмыстарын стратегиялық бағытта жүргізуде. Белгіленген міндеттерді іске асыру үшін ең алдымен білікті мамандар қажет. Бұл ретте мемлекет анықтаған талаптар бойынша интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасқан, дамыған Қазақстан қоғамын құру үшін атқарылатын міндеттерді айқындап, оларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруға әрқайсымыздың қосар үлесіміз мол болуға тиіс. Университет ізденістер пен тәжірибелердің күрделі жолынан өтіп, бүгінгі таңда еліміздегі аграрлық ғылым, білімді және өндірісті шоғырландырған ірі орталыққа айналды. Біздің табыстарымыз бен жетістіктеріміз алдағы уақытта да жемісті жалғасын таба береді деп сенім білдіремін. –  деп, семинар жұмысына зор табыстар тіледі.

photo
photo
photo
photo

Семинар барысында Білім және ғылым Министрлігі Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру департаментінің директоры – Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки, Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің үйлестіруші – Шайзада Өмірзаққызы Тасболатова, Стивен Хэйген – еуропалық сарапшы, профессор, Ақпараттық технологиялар, механика және оптика Санкт-Петербург ұлттық зерттеу университеті (ITMO), Серік Мәуленұлы Өмірбаев – Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, ЖБРС Ұлттық тобы Бақылау кеңесінің төрағасы, Амантай Әбілқайырұлы Нұрмағамбетов – Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры, Серік Аманжолұлы Святов – «Нархоз Университеті» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы сынды көрнекті ғалымдар, білікті манадар тақырыпқа орай кең көлемді баяндама жасап, нақты ұсыныс-пікірлдерін ортаға салды. Семинар аясында қатысушылар Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылыми-білім беру инфраструктурасымен танысып, университет оқытушыларымен, студенттермен өзара пікір алмасты. Айта кетейік, бүгінгі таңда Эразмус+ бағдарламасы – Еуропалық Одақ қаржыландыратын білім беру мен оқыту, жастар саясаты және спорт салаларындағы академиялық ұтқырлыққа, әріптестікке, жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 2014-2020 жж. арналған жаңа бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама студенттер мен жоғары оқу орындарының қызметкерлері үшін, сондай-ақ бүкіл әлемнің жоғары оқу орындарының өздері үшін бірқатар мүмкіндіктер ұсынады. Бағдарлама шеңберінде серіктес елдердің білім беру жүйесін жаңғырту жобалары жаңа оқу бағдарламалары, оқыту әдістері мен оқу материалдарын дайындау және енгізу арқылы іске асырылады. Бағдарлама студенттердің білімі біліктілік деңгейін арттыру, ал оның нәтижесінде, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жақсартуынаықпал етеді. Бағдарлама шеңберінде университет қызметкерлері өз кәсіби дағдыларын арттыру үшін стипендия, ал студенттер – оқулық грант алуларына болады.
 
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген: М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты