Жетім көрсең жебей жүр - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1735 Статистика

Жетім көрсең жебей жүр

«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультетінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.И.Дәулетова мен «Аграрлық техника және технологиялар» кафедрасы меңгерушісінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кураторлар А.Бердимурат, Ф.Райымбекованың ұйымдастыруымен «Жанұя» балалар үйінде қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл игі шараға факультеттің 1 және 2 курс белсенді студенттері де қатысты.
Жүзден астам бүлдіршінді бауырына басып, елден кем қылмай өсіріп отырған «Жанұя» балалар үйінің Серікова Хафиза Серкқызы  есімі елге таныс.  Қазіргі қатал заманда өзгенің баласы түгілі өз баласын сыртқа лақтырғандар жайлы небір жантүршігерлік оқиғаларды естіп жатамыз. Осы тұрғыдан алғанда   Хафиза Серкқызы бұл ісі оның іскерлігі, білімділігі мен  мейірімінің кіршіксіз көрінісі екенін білдіреді.
 

Бұл іс-шара барысында студенттерімізде өзгеше әсер алды. Ауланы тазалау жұмыстарына көмектесіп, балалармен түрлі ойындар ұйымдастырып, бір сәтке өздерінің де балалық шақтарын еске алды, арнайы дайындап әкелген сыйлықтарын сыйлады. Осы сыйлықтарды алуға факультеттің оқытушылар құрамы өздерінің сәл де болса үлесін қосты.
Факультеттен барғандар «Жанұя» балалар үйінің тіршілігіне көңілі толып, сондағы тәрбиеленушілер мен қызметкерлерге мықты денсаулық, бақыт тілеп оралды. Бірақ, қанша қамқор болсаң да, өз отбасыңа, ата-анаңның айтқан «айналайын» сөзінің жылылығына ештеңе жетпейтінін ешкім тағы да жасыра алмады.  Оны қатысушылардың байқамауы мүмкін емес еді…
 
 
«IT-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік
кешенін механизациялау» факультетінің тәрбие-ісі
жөніндегі декан орынбасары Даулетова Ж. И.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты