Жемқорлыққа қарсы күрес - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #728 Статистика

Жемқорлыққа қарсы күрес

Қазіргі таңда республикамызда жемқорлықпен күрес шаралары жан-жақты жүргізілуде. Қоғамның рухани азып-тозуына, мемлекеттердің құлдырауы жолдарының бірі - сыбайлас жемқорлық себеп. Президентіміздің саясатына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар әрбір адам заң алдында жауапты.
Осыған орай, Ветеринария факультеті, Акушерлік, хирургия және жануарлардың өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасында ассистенттер Ж. Кузембаев және А. Джакипбекова «Жемқорлық - індет, аластау - міндет» тақырыбы аясында ВМ 409 топтарымен талқылау сабағын өтті.

photo
Оқытушылар «Мемлекетіміздегі ахуал қандай», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай оң үрдістер қолдануға болады?» «Сыбайлас жемқорлықтың дамуына әсер ететін негізге факторлар қандай?» «Түйінді бағыттар, негізгі тәсілдер және басым шаралар қандай» сынды өзекті мәселелерді алға тартып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мақсатында студенттер арасында, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениттің  қалыптасуына ықпал етуді көздеді.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты