Жастарымыз жүлделі болды - Казахский Национальный Аграрный<br/> Исследовательский Университет
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #2259 Статистика

Жастарымыз жүлделі болды

«ZIAT» Ғылыми – әдістемелік орталығы «Менің мамандығым – менің болашағым» атты тақырыпта  қашықтықтан республикалық шығармашылық байқау өткізіді.

Басты мақсат – студенттің келешекте мотивациясын көтеру, өзін кейін болашақ мамандық иесі ретінде көрсету және жастар арасында мамандықтың беделін арттыру, ең талантты, шығармашыл жастарды анықтау, оларды қолдау, өзбетінше дағдыны жетілдіру және кәсіби ойлау біліктілігін арттыру, болашақ мамандардың өз кәсібін толық меңгеруіне жағдай жасау болып табылады.     
Интеллектуалды шараға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті,  «IT-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультетінің 1-курс студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Қазылар алқасының шешімімен «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының аға оқытушылары Г.Ш.Баймұратова мен З.Т.Тастанованың жетекшілігімен  студенттер Р.Күмісбай, А.Кабыкен, Н.Лепесова, Г.Оңдасынова,А.Садуақасова,  Д.Сағынтай, Н.Қуанышбай, А.Сыдық  I, II, III дәрежелі дипломдармен  марапатталды.  
90 жылдық тарихы бар Университетіміздің беделін жоғары  деңгейде паш ете берейік.
 
Читайте также Архив новостей