Жастардың ғылыми ізденістері - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #458 Статистика

Жастардың ғылыми ізденістері

6 сәуір күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Жастардың ғылыми көзқарасы: АӨК-гі ізденістер, инновациялар» тақырыбында жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. Ғылыми шараға Әзербайжан мемлекеттік аграрлық университетінен, А.Дуйшеев атындағы Қырғыз ғылыми-зерттеу ветеринарлық институтынан және өз еліміздегі ауылшаруашылық саласындағы оқу орындары мен мекемелерден қонақтар қатысты.

photo
photo
Университет қабырғасындағы Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырған конференцияның пленарлық мәжілісін университеттің Ғылыми жұмыстар және интеграция жөніндегі проректор Марат Қалиасқаров жүргізді. Бірінші болып оқу ордасының магистранты Назым Есімбекова «Чувствительность перевиваемых линий культур клеток к изоляту вируса цирковвирусной инфекции свиней» тақырыбында баяндама жасады. Одан кейін Әзербайжаннан келген Рамина Мустафаева «Основные направления инвестиционно-инновационной деятельности в сельском хозяйстве Азербайджана» тақырыбында ойын ортаға салды. Қырғызстандық ғалым  Камарли Айтакин «Идентификация чумы мелких жвачных животных в Кыргызской Республике: анализ антигенной активности вируса в ИФА» тақырыбында сөз сөйлеп, талқылау жүргізді. Бұдан басқа да жас ғалымдар баяндамаларын ұсынды.
Конференцияның соңы секциялық отырыстармен және шеберлік-сыныптарымен жалғасын тапты. Бұдан кейін қонақтар университет жанындағы «Агротехнологиялық ХАБ» инновациялық орталығын, Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы, Су орталығы, Корей инновациялық орталықтарын аралады. Шеберлік-сыныптарына қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. 

photo
Білім беру және ғылымды дамыту саясатын жүзеге асыруды, жас ғалымдардың шығармашылық ізденістерінің ілгері дамуына үлес қосуды мақсат еткен конференция жұмысы еліміздегі Агроөнеркәсіп кешенін жандандыруға елеулі үлес қосады деп күтілуде.  
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген Мамыржан Ботабеков
 
 

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты