Жас маманның құқықтары мен міндеттері - Казахский Национальный Аграрный Университет
Новость #562 Статистика

Жас маманның құқықтары мен міндеттері

Қазіргі заманда еңбек нарығындағы бәсекелестік күннен-күнге артып келеді. Бұл мәселе әсіресе, жастар үшін өзекті. Дипломды қолға алғаннан кейін тәжірибесі жоқ жас мамандар жұмысқа орналасу кезінде кедергілерге тап болып жатады. Осы және өзге де келеңсіздіктердің алдын алу, жас мамандарға жұмысқа орналасу тәртібі, олардың құқықтары туралы ақпарат беру мақсатында университетіміздің ғылыми кітапханасында «Жас маманның құқықтары мен міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге университетіміздегі практика және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Б.Есимова, «Медикер» медициналық орталығының психологы   А.Серғазина, «Құқық» кафедрасының оқытушылары Ш.Шарипов, Ж.Нұрмаханова қатысты.

photo
photo
Іс-шара барысында 4- курс студенттеріне «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша ақпараттар беріліп және Қазақстан Республикасы бойынша қандай шаруашылықтарда біздің мамандарға мұқтаж мекемелерде бос орындар бар екендігі туралы хабарландыру айтылды. Сонымен қатар психолог маман студенттерге әңгімелесуге барған кезде қарым-қатынас психологиясынан тренингтер өткізіп, болашақ жас мамандарға үлкен өмір жолына қадам бастағанда туындайтын қиындықтармен қалай мойымай күресе білу қажет екені туралы ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Читайте также Архив новостей