Жарқын болашақ үшін жастармен атқарылған жұмыс - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #1316 Статистика

Жарқын болашақ үшін жастармен атқарылған жұмыс

01.02.2019 ж.кәсіптік бағдарлама  бойынша іс-шаралар аясында Алматы қаласының  №22 гимназия оқушылары "Тағам  өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасының өкілдерімен бірге Қазақстандағы ең ірі Кока-Кола зауытына барды. Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау мәселесі бүгінгі күні өзекті мәселенің бірі болып отыр. Бала кезімізде "Кім болғың келеді?" - деген сұраққа жауап табу, әрқайсымызға қиын болғаны белгілі. Кейбір балалар сенімді түрде жауап берсе, ал кейбіреулер сенімсіз болып, ойын ашық жеткізе алмай жатады. Бірақ,  іс жүзінде олардың аз бөлігі ғана нені қалайтынын түсінеді.


Табысты әулеттің құпиясы, ол әрқашанда баланың ата-аналары немен айналысатынын, олар қандай өндірістік процеске қатысатынын немесе ол туралы үнемі естіп-көріп жүріп, соған бейімделе бастауында. Көптеген ата-аналар, балаларының болашағы үшін алаңдайды. Сол себептен баланың болашақта қандай  мамандықты таңдағысы келетінін сұрап, бойындағы жасырылған талантты ашып көмектесе білуіміз керек.
Оқушылар үшін кәсіптік бағдарлама  экскурсиясы  балалардың бойында түсіністікті қалыптастыру үшін өте маңызды рөл атқарды. Өндіріс орнына  барып,  жұмыстың  қалай болып жатқанын,  қалай жүргізілетінін өз көздерімен  көрген оқушылар болашаққа деген өз көзқарастарын өзгертті,  мамандық таңдауда бұл экскурцияның маңызы зор.


Экскурсия барысында оқушылар өндірістік тәжірибені  бақылай отырып, бірнеше сағат бойы сонда болды. Өндірістік орынның тарихымен танысты және  жаңа тәжірибелік білім алды, мастер-класс көрді. Өндірістік цехтармен және олардың ең заманауи жабдықтарымен танысты. Оқушылар сонымен қатар жер астынан шығатын  судың қалай тазартылатынын, сусын бөтелкелерге қалай құйылатынын көрді. Сонымен қатар сусындардың  қайталанбас дәмін татты. Экскурсия соңында барлығы сүйікті газдалған «Кока-Кола» сусындарын алып   қуана-қуана үйлеріне тарқасты. Осы экскурцияны тамашалау барысында оқытушылар мен оқушылар уақытты қызықты өткізді.
Ата кетерлік жайт аталған  гимназия оқушылары 2018 жылдың 29 қыркүйегінде  ҚазҰАУ-не қарасты Агротехнологиялық хабқа барып,  нан-тоқаш, шұжық өнімдерін өндіру технологияларымен танысқан болатын.


 
Мақаланы дайындаған «Тағам өнімдерінің технологиясы 
және қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушылары:
Мамаева Л.А., Жалелов Д.Б., Нұрдан Д., Ербулекова М.Т.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты