Жаңа оқу жылына жаңа міндеттер - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #589 Статистика

Жаңа оқу жылына жаңа міндеттер

ҚазҰАУ ұжымы кезекті оқу жылын сәтті аяқтап, келесі жылға арналған міндет-мақсаттарын анықтады.
Кеше университетіміздің Мәжіліс залында Ғылыми кеңестің мүшелері, ҒЗИ директорлары, оқу орнының қызметкерлері мен оқытушыларының қатысуымен Ғылыми кеңестің жиыны өтті.
Жиын барысында 2017-2018 оқу жылына арналған міндеттер мен университеттің зерттеу  (Агротехникалық хаб түрінде) жоғары оқу орны ретінде даму бағдарламасы талқыланды.

photo
photo
Алғаш болып Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҰҒА Вице-президенті, академик Тілектес Есполов баяндама жасап, 2016-2017 оқу жылына  шолу жасап, оқу орнының ғылыми-инновациялық, қаржылық-шаруашылық, әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөнінде ақпарат беріп, жетістіктерін жария етіп, университеттің алдағы стратегиялық даму бағыттарын таныстырды.
«Барлығымыз жақсы білеміз, Елбасы биылғы халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығын экономиканың жаңа драйвері ретінде атап өтіп, бұл саланы дамытуға ерекше назар аударған болатын. Бұл ретте, еліміздегі көшбасшы аграрлық жоғары оқу орны саналатын Қазақ ұлттық аграрлық университеті Мемлекет басшысының міндттерін орындауда маңызды атқарушы орган болып саналады.
Университет 2010 жылдан бері зерттеу университетіне трансформациялану процесін жүргізіп келеді. Нәтижесінде көптеген маңызды жұмыстар атқарылып, жаңа орталықтар, зертханалар құрылды.
Аталған бағытта дамудың жаңа айналымы 2016 жылы, ҚазҰАУ базасында Агротехнологиялық Хаб құрылғанда бастау алды. 
Агрохабты дамыту стратегиясын жасау барысында, біз NRA (Франция,  PMTA (Аргентина). EMBRAPA (Бразилия), және т.б. өзге де құрлықтардағы 20 шақты орталықтардың, яғни  ауылшаруашылық бағытындағы әлемдегі ғылыми-зерттеу  көшбасшыларының тәжірибесін ескердік, көптеген шет елдік университеттермен, компаниялармен келісімге отырдық.
Бүгінгі таңда оқу орнымызда 315,0 млн. теңгеге 50 жоба жүзеге асырылуда.
Университеттің бастамасымен аймақтармен  мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бағдарламасы қарқынды дамуда. 
Сонымен қатар, университет қабырғасындағы оқуын аяқтағаннан кейін агронарыққа дайын бизнес жобамен шыға алатын бәсекеге қабілетті маман дайындау мақсатында  оқу орнымызда студенттерге  екінші курстан бастап  мамандығы бойынша бизнес-жоспарларды (жобалар) жасауға үйрететін агробизнес орталығы құрылды. 
Жасалынған бизнес-жоспарлар олардың дипломдық жұмысына жеке бір бөлім ретінде енгізілетін болады.
Мысалы Fly worx компаниясы дронның көмегімен ауыл шаруашылығы жерлерін қашықтықтан басқарумен, Green Point Marketing - маркетингтік зерттеу мен сараптаумен,  Urban Green - қалалық типтегі инновациялық жылыжаймен, Dragon Fly - дрондарды құрастыру, оларды іс-жүзінде қолданумен айналысады. Сонымен қатар "Айболит" жедел ветеринарлық жәрдем, аквомәдениет, экопробиотика,  шаруа қожалықтары жайында мәліметтерсіз компьютерлік модельдеу және т.б стартаптар бар.
Университетіміздің 2 ғалымы ҚР БҒМ Ғылым қоры арқылы 3 жобаны жүзеге асыруда. (Н.Б. Сәрсенбаева – 1 жоба, А.Д. Серикбаева – 2 жоба).
8 қызметкеріміз Үздік 50 оқытушының қатарына кірді.
Университетет 165 шет елдік  оқу орны мен ғылыми орталықтарымен байланыс орнатып, биылғы жылдың өзінде 39 жаңа келісімге қол қойды.
Өткен оқу жылында 47 студент, 14 магистрант, 2 докторант академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып келді. Дегенмен бұл өте төмен көрсеткіш. Біздің серіктес шет елдік жоғары оқу орындарының көп бөлігі дәл осы бағдарлама арқылы студенттермен алмасуды жүзеге асыруға қуана келісіп отыр. Сондықтан алдағы оқу жылында бұл көрсеткішті аттыруымыз керек.
Тағы бір айта кететін мәселе – түлектердің жұмысқа орналасуы.  Біздің студенттердің дипломдық жұмысы дайын бизнес-жоба болуы керек. Сонда ғана ол дайын жобамен кез келген өндіріске, компанияға және т.б орындарға орналаса алады.
Қазіргі таңда университет 84% мемлекет есебінен қаржыландырылады. Алдағы жылдары бұл көрсеткішті 60%-ға дейін қысқарту жоспарда бар.
Біздің университет 2018-2020 жылдары зерттеу университеті, 2021-2022 жылдары әлемдік университет және 2023-2030 жылға дейін тұрақты даму университетіне айналуы тиіс»,- деді Тілектес Есполов.
photo
photo
photo
photo
Ректор, сондай-ақ, өткен жылы жіберілген кемшіліктер мен олқылықтарға тоқталып, алдағы оқу жылына нақты тапсырмалар берді.
Жиын барысында География институтының директоры Медеу Ахметкал, ҚазӨҚКҒЗИ диреткоры Абай Сағитов, ҚР ҰҒА академигі Елешев Рақымжан, ҚазҒЗВИ директоры Ахметжан Сұлтанов және т.б сөз алып, өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған университеттің бірінші проректоры, академик Қанат Тіреуов оқу жылы аяқтала салысымен жаңа міндеттер мен мақсаттарды айқындап берген  биылғы Ғылыми кеңес жиынының ерекшелігіне тоқталып өтіп, сонымен қатар жиынға қатысушыларды 4 томдық «Жаңа формациядағы университет» кітабымен, университеттің зерттеу университеті ретінде даму бағдарламасын таныстырды.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты