Заң талабын білген абзал - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1758 Статистика

Заң талабын білген абзал

«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнерәсіптік кешенін механизациялау» факультетіне қарасты «Болашақ» студенттер жатақханасында 2019 жылдың 21 қарашасы күні «Машина пайдалану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Құқықтық тәрбие» сағаты өткізілді. Бұл іс-шараға Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының Жергілікті полициялық қызмет бөлімі Ювеалдық полициясы бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары, полиция майоры Асинбеков Ерден Умербекович пен полиция капитаны Қорғанбаева Гүлназ Мырзабекқызы қатысты.
Студенттермен әңгімелесу барысында, келген қонақтар Алматы қаласындағы қазіргі құқықтық жағдай жайын баяндап, қоғамдық орында өзін-өзі қалай ұстау керектігін түсіндірді. Қоғамдық тәртіп бұзған жағдайда, тазалық ережелерін сақтамағанда, көше-жол қозғалысы тәртібін бұзған кезде қандай әкімшілік шаралар қолданылатыны жайлы айтылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің осыларға байланысты баптарынан түсіндірмелер келтірілді.
 

Өз кезегінде декан Н. Абдильдин полиция қызметкерлеріне факультетте атқарылып жатқан «Адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ» сияқты шаралар жайлы әңгімелеп берді.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, осы шараны ұйымдастыруға қатысқан «Машина пайдалану» кафедрасының аға оқытушылары Б. Қашаған, Ә. Альчимбаева және факультет деканының орынбасары Ж. Даулетова да өз пікірлерін білдіріп, қонақтарға осындай кездесулер оқу жылы барысында әлі де өткізілетінін айтты.
Іс-шара соңында келген қонақтарға студенттер мен қатысушылар атынан ризашылық білдірілді.
 
 
«IT-технологиялар, автоматтандыру және
агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау»
факультет деканы Абдильдин Нурлан Кенесбекұлы,
тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі
декан орынбасары Даулетова Жанна Ишимбайқызы
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты