«XXI ғасыр көшбасшысы», «Ветеринариялық санитария» мамандығы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #1853 Статистика

«XXI ғасыр көшбасшысы», «Ветеринариялық санитария» мамандығы

2019 жылдың соңына қарай «BILIM-ÓRKENIETI» қоғамдық қоры, Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «Үздік студенттер академиясы» жобасын ұйымдастырды. Жобаға Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Ветеринария» факультетінің «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының студенті қатысты.

Нұрғазы Гүлім Серғазықызы «XXI ғасыр көшбасшысы» төс белгісімен марапатталып, «BILIM-ÓRKENIETI» қоғамдық қорының «Үздік студенттер академиясы»-ның мүшесі куәлігі беріліп, мақтау қағазымен марапатталды. «BILIM-ÓRKENIETI» қоғамдық қоры Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры  Есполов Тлектес  Исабайұлына, сондай-ақ «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының меңгерушісі Сарсембаева Нуржан Билтебайқызын, ғылыми жетекшілері Ромашев Қанапия Мухамедқалиұлы, Барахов Бахыт Бисенбайұлы, Алиханов Қуантар Дауленұлына алғыс хаттарымен марапаттады.
 


Орындаушылар
«Ветеринариялық санитариялық сараптау» ПОҚ кафедрасы
Шамгунов Н. А., Ромашев Қ., Барахов Б. Б., Алиханов Қ. Д.


 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты