«Ветеринария» факультеті студенттерінің тәжірибеге бағытталған көшпелі сабақтары - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Университет қашықтықтан білім беруге көшті
Новость #1448 Статистика

«Ветеринария» факультеті студенттерінің тәжірибеге бағытталған көшпелі сабақтары

2019 жылдың 10 cәуірінде  "Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена" кафедрасының оқытушылары, биология ғылымдарының кандидаты М.С. Садуов пен ассистенттері А.М. Харесова, А.Б.Абжалиева, А.Б.Айдарбекова «ветеринариялық медицина орталығы» базасында  «Ветеринариялық медицина» мамандығының 2 курс студенттерін көшпелі тәжірибелік  сабақтары жүргізілді.   
Ветеринариялық медицина орталығы - бұл үй жануарлары мен экзотикалық жануарларды шұғыл жағдайларда хирургиялық және терапиялық көмек көрсететін ғылыми-практикалық орталық. Орталық 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. 
 
 
 

Ветеринариялық медицина орталығы жануарларды тез диагностикалау мен емдеуге арналған зертханалық жабдықтармен жабдықталған. Жануарды толық тексеру зертханалық гематологиялық және биохимиялық анализатор, рентген, функционалдық диагностика құрылғыларымен қамтамасыз етілген. 
Ветеринариялық медицина орталығына студенттермен барған кезде сол орталықтың ветеринариялық дәрігері Лытки Алексей Викторович студенттерге барлығын түсіндіріп, орталықпен таныстырды. Студенттер өздеріне қажетті қызықты сұрақтарын қойып, олардың осы орталыққа, тәжірибе өтуге деген өздерінің құлшыныстары оянды.
 
 
Орындаған «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена»  кафедрасының оқытушылары:
М.С.Садуов
А.М.Харесова
М.Б. Губайдуллина
А.Б.Айдарбекова
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты