Варшава жаратылыстану ғылымдары университетіне іс-сапар - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1073 Статистика

Варшава жаратылыстану ғылымдары университетіне іс-сапар

       Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполов бастаған делегация Варшава жаратылыстану ғылымдары университетіне арнайы сапармен барды. Қонақтарды Варшава университетінің ректоры Виеслав Биловский қарсы алды.
Екі жақты кездесу барысында оқу үрдісі, ғылыми-зерттеу және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланып, бірлескен зерттеу жобалары бойынша ынтымақтастық және франчайзинг мүмкіндіктері сөз етілді.
Бүгінгі күні Қазақ ұлттық аграрлық университеті шетелдің озық ғылыми-білім франчайзингі трансфертін іске асыру негізінде әлемдік деңгейдегі университет моделінің тұжырымдамасын жасауда. Өзінің инновациялық даму бағытында ҚазҰАУ Еуропаның жетекші ЖОО-мен, атап айтқанда Вагенинген (Нидерланды), Варшава университеттерімен және Мичиган (АҚШ) университеттерімен тығыз байланыс орнатып, бірлескен ғылыми жобалаларды орындауда.

photo
photo
Университетке франчайзинг енгізу арқылы тиімсіз білім беру бағдарламаларын қысқартуға, рейтингтік көрсеткіштері төмен оқытушылар санын қысқартуға, үлгерімі төмен студенттерді ынталандыруға, бірлескен инновациялық жобалаларды іске асыруға  мүмкіндік туады.
ҚазҰАУ делегациясы Варшава университетінің оқу-ғылыми базасымен танысты. Кездесу соңында бұған дейінгі жасалған екі жақты меморандум жаңартылды.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты