Үздіктер марапатталды - Казахский Национальный Аграрный<br/> Исследовательский Университет

Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #2409 Статистика

Үздіктер марапатталды

Бүгін Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында университетіміздің 90 жылдығына байланысты ұжымдағы ұстаз-ғалымдар мен қызметкерлерді онлайн-марапаттау рәсімі өтті.

Биыл біз үшін ерекше жыл болды. 90 жылдық белеске көтерілген университетіміздің мерейтойына үлкен абыроймен, нәтижелі табыстармен жеттік. Оқу орнының әрбір жетістігі терең білімді, білікті ұжымның бірлескен еңбегінің жемісі екені сөзсіз.

Осы мерейлі жылда жеткен басты табысымыз – 23 қазанда Үкімет Қаулысымен оқу орнымызға «Ұлттық зерттеу университеті» мәртебесі берілді.  Бұл университет ұжымының 2010 жылдан бері жүйелі жүргізген жұмыстарының нәтижесі.
 

Өткен жылдардың қортындысы бойынша университет QS World University Rankings рейтингінде 651 орынға ие болды. Соңғы бір жыл ішінде университет үлкен серпіліс жасап, 60 позицияға көтеріліп, 591 орынға шықты. Ендігі мақсатымыз – 2024 жылға қарай QS-400 рейтингімен әлемдік деңгейдегі университетке айналу.

Онлайн марапаттау рәсімінде университетіміздің дамуына ерекше еңбек сіңірген бірқатар ұстаз-ғалымдарымыз бен қызметкерлерімізге ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының, ҚР Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахматоллақызының, ҚР Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары ҚР Қарулы күштері бас штабының бастығы  Мұрат Кәрібайұлы Бектановтың, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы төрағасының міндетін атқарушы Төреханов Айбек Әдепханұлының, «Алматы облыстық жергілікті агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік мекемелер қызметкерле­рі кәсіподағы» қоғамдық бір­лестігінің төрайымы Идралиева Рая Мұсақызының, Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсеінің жетекшісі Қоңырова Гүлнәр Кәлелқызынан  атынан және басқа да бізбен ынтымақтастықта жұмыс атқаратын түрлі мекемелер, ұйымдардан келіп түскен арнайы марапаттар табыс етілді.

Біздің ұжымның еңбегін лайықты бағалап, мерейлі марапаттарын жолдап отырған құзырлы мекемелер басшыларына үлкен алғыс айтамыз.

Үздіктер қатарынан көрінген әріптестеріміздің марапаттары құтты болсын!
Читайте также Архив новостей