«Үш тілдің бірлігі – Қазақстанның табысты дамуының бірегей жобасы» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1227 Статистика

«Үш тілдің бірлігі – Қазақстанның табысты дамуының бірегей жобасы»

       2018 жылдың 5 желтоқсан күні Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария»  және « IT-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеттерінің студенттері «Туран» университетінде өткен «Үш тілдің бірлігі – Қазақстанның табысты дамуының бірегей жобасы » атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конкурсқа қатысты. Конкурс аясында студенттер эссе, монолог, өлеңдер оқып, күй тартып сахналанған көріністер көрсетті. Қазіргі халықаралық қатынаста көп тілді меңгеру ерекше басымдыққа ие болғандықтан студенттердін үш тілді меңгеруі қажет екендігіне ерекше мән берілді.
 
photo   photo

А.Байтұрсыновтың , М.Дулатовтың,М.Жұмабаевтың, М.Мақатаевтың өлеңдері оқылды. ҚАЗҰАУ студенттері жүлделі екінші орынды иеленді. Сондай-ақ «Орман,жер ресурстары және фитосанитария» факультетінің ЛР- 103 тобының студенттері «Тұңғыш президентім» атты сахналанған көрініс көрсетіп конкурстың жүлделі орынын иеленді. Барлық қатысқан студенттер дипломдармен марапатталды.
 
photo   photo
Конкурсқа қатысқан студенттерге жетекшілік жасаған кафедраның оқытушылары: Салкынбек Д.И., Баймұратова Г.Ш.,Тастанова З.Т., Иманбаева С.С., Заурбекова Л.Р.,  Куппаева Б.Т.,  Шабалина М.В. - «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультетінің декан орынбасары арнайы сертификаттар иеленді.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты