Тың жобалар жүзеге асады - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1162 Статистика

Тың жобалар жүзеге асады

      28.09.2018ж. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына сапары кезінде «Түркістанды заманауи технологияларды қолдана отырып, өз мəдениетімізге сай қайта жаңғырту керек» деді. Түркістанда туризм, құрылыс жəне өндіріс салаларындағы бизнесті өркендету үшін қолайлы жағдай қалыптастыратын арнайы экономикалық аймақ құрудың өзектілігін атап өтті. Осы сапар барысында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессор-оқытушылары аргоөнеркәсіптік кешеннің жетістіктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған көрмеге қатысты.
Онда университет ғалымдарының соңғы жетістіктерінің бірі – жеміс-жидектерді кептіруге арналған әмбебап құрғату қондырғысы көрсетілді.
 
photo   photo

 
«Құрғақ сиыр сүтін өндірудің технологиялық үрдістерін енгізу және тарату» инновациялық жобасы
 
Агроөнеркәсіп кешендерінің өңірлік субъектілерінде өндірістік технологиялардың дамуы – халықты жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден-бір жолы.
Бүгінде агроөнеркәсіп кешені саласында инновациялық жобаларды енгізу мақсатында біздің университет ғалымдары Түркістан облысының ауылшаруашылық басқармасымен бірлесе отырып, құрғақ сиыр сүтін өндіру бойынша инновациялық жобаны іске асыруда. «Құрғақ сиыр сүтін өндірудің технологиялық үрдістерін енгізу және тарату» инновациялық жобасы Түркістан қаласында орналасқан «Тұран» шаруа қожалығында жүзеге асырылып жатыр. Мұнда құрғақ сүт өндіретін цех құрылысын аяқтап, өндірістік нысанды іске қосу жоспарланып отыр.
 
photo   photo

 
«Жеміс, көкөніс және бақша дақылдарын күн сәулесімен кептіру қондырғысын қолдану арқылы
өңдеудің технологиялық үрдістерін енгізу» инновациялық жобасы

 
Күн сәулесі арқылы кептіру технологиясымен өңделген құрғақ өнімнің құрамында бастапқы шикізатпен салыстырғанда дәрумендер мен биологиялық активті заттардың 80-90%  сақталады. Қысқа мерзімде (10-20 мин) суда жібіту арқылы кептірілген құрғақ өнім өзінің барлық табиғи органолептикалық, физикалық және химиялық қасиеттерін қалпына келтіреді. Мұндай күйде өнімді тікелей тұтынуға немесе оны әртүрлі аспаздық өңдеуде қолдануға болады.
Сонымен қатар, күн сәулесімен кептіру қондырғысы әртүрлі өнімдерді өңдеп, олардан тез қалпына келтірілетін құрғақ өнімдерді өндіруге арналған әмбебап қондырғы болып табылады.
 
photo   photo


"Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасының профессор-оқытушылары
Карима Мырзабек, Ақылжан Қожабергенов,
Эрик Асқарбеков, Дулат Жалелов

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты