Турция еліне сапар - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1811 Статистика

Турция еліне сапар

2019 жылдың 1-8 желтоқсан аралығында Түркияның Измир қаласында ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласындағы халықаралық симпозиум өтті. Университеттің және «Су, жер және орман ресурстары» факультеттерінің белсенділері, Қабиев Әбілхайырхан, Шумейко Вадим, Қоңырбаев Құдайберген, «Агробиология» факультетінен Чарипова Гульназ, Темиргалиева Айару, «Технология және биоресурстар» факультетінен Сардарова Айгерім қатысты.
Сонымен қатар, студенттерге EGE университеті мен және университет кампустарында экскурсия ұйымдастырылды, студенттік өмірмен, студенттер үйіндегі тұрмыс жағдайымен және бос уақыттарымен таныстырды, Измир қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды. Біздің студенттер Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті және факультеттер туралы ақпарат ұсынды, университетіміздің презентациясы көрсетілді.
 Измирдегі симпозиумға қатысушы студенттер атынан біз Қазақ ұлттық университетінің ректоры Есполов Тілектес Исабайұлына Түркияға баруға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

«Су, жер және орман ресурстары» факульті
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты