Түркияның Нийде университетімен әріптестік орнады - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #915 Статистика

Түркияның Нийде университетімен әріптестік орнады

16 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Түркия республикасының Нийде Омер Халисдемир университетінен делегация келді. Делегация құрамында аталған университеттің ректоры Мухсин Кар, профессор Мехмет Арслан, РhD доктор Тургай Гювен болды.
Делегация мүшелері ҚазҰАУ жетекшілерімен кездесіп, университеттің оқу және ғылыми құзіретімен танысып, екі оқу орны арасындағы академиялық ұтқырлық мәселелері мен бірлесіп атқарылатын ғылыми жобаларды талқылады.
Кездесу барысында ҚазҰАУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов Түркиялық әріптестерге аграрлық университеттің бүгінгі жетістіктері мен алдағы жоба-жоспарлары туралы баяндап, екіжақты ықпалдастықты заман талабына сай дамытудың маңыздылығына тоқталды. Басқосуға оқу орнының проректорлары, факультет декандары, профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

photo
photo
Өз кезегінде сөз алған Нийде Омер Халисдемир университетінің ректоры Мухсин Кар Қазақстан мен Түркия арасындағы терең қарым-қатынасты әрі қарай нығайту барысында бірнеше ұсынысын білдірді.
«Біз сіздердің университеттеріңізбен білім, ғылым, тәжірибе алмасуды мақсат етіп отырмыз. Студенттеріңізді бакалавриат, магистратура, РhD докторантура деңгейлері бойынша Нийде Омер Халисдемир университетінде білім алуға шақырамын. Оқытушы, ғалымдарымыз да дәрістер оқып, тәжірибе алмасса, екі жаққа да тиімді деп ойлаймын. Қазақстандағы бірден-бір іргелі университетпен халықаралық байланысымызды жоғары дәрежеге көтергіміз келеді» деді ректор Мухсин Кар.
Жиында ҚазҰАУ мен Нийде Омер Халисдемир университеті арасындағы ынтымақтастық жайы сөз болып, Меморандумға қол қойылды.

photo
photo
photo
Қонақтар оқу орны базасындағы Ситуациялық орталықты, заманауи Агротехнологиялық хаб, соның ішінде Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы,  Инновациялық Су орталығы, Қазақстан-Корей инновациялық орталығы жұмысымен танысты.
1992 жылы негізі қаланған Нийде  университеті (Niğde  University)   Түркияның Нийде провинциясында орналасқан беделді мемлекеттік оқу орны. Білім ордасындағы 10 факультеттте 28 мың студент білім алады. Мыңнан аса оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Бакалавриат, магистратура, РhD докторантура бойынша 44 мамандық бойынша білім береді. Онда ауылшаруашылық саласының мамандықтары да бар. Сонымен қатар, өсімдік өндірісі және технологиясы, жануарлар өндірісі және технологиясы, ауылшаруашылық гендік инженерия департаменттері жұмыс істейді. 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген: М.Ботабеков, Г.Әділхан
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты