Тілектес Есполов: Мақсат – әлемдік деңгейдегі университетке көшу - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Университет қашықтықтан білім беруге көшті
Новость #1122 Статистика

Тілектес Есполов: Мақсат – әлемдік деңгейдегі университетке көшу

        Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «...еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауылшаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту» міндеті қойылған. Бүгінде 90 жылдық даму тарихы бар Қазақ ұлттық аграрлық университеті еліміздегі жетекші аграрлық жоғары оқу орны ретінде аграрлық нарықта сұранысқа ие кадрларды дайындау бағытында мақсатты жұмыстар жүргізуде. 2010 жылдан бастап ЖОО ұлттық зерттеу университетіне трансформациялануда және осы жолда қомақты нәтижелерге жетуде. Жоғары оқу орнының бүгінгі сапалы дамуындағы жаңа кезең – ол әлемдік деңгейдегі университет позициясына көтерілуі. Осы орайда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҰҒА академигі Тілектес ЕСПОЛОВПЕН әңгімелескен едік.

– Тілектес Исабайұлы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауында «Агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін толық іске асыру керек» деп атап көрсеткен. Осыған байланысты, бүгінде АӨК-тің әлеуеті қалай пайдаланылуда, жалпы, осы саланың дамуын қазіргі таңда қандай мәселелер тежеуде?
– Қазақстан орасан ұлттық байлыққа  ие, оның 85%-ы табиғи-ресурстық әлеуетке тиесілі. Еліміздегі ауылшаруашылық  жерлердің көлемі – 215 млн га, бұл әлемдік ресурстардың 4%-тен астамын құрайды.
Бүгінде АӨК жалпы өнімі 11,0 млрд АҚШ доллар немесе елдің ІЖӨ-дегі үлесі – 7,8%-ын құрайды, яғни соңғы 10 жылда ауылшаруашылығындағы өндіріс көлемі шамамен 4 есеге өсті. АӨК елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды міндетті шешеді. Сондықтан саланы сауықтыруға байланысты түрлі шаралар қолға алынуда.
Толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы оқи аласыздар: https://egemen.kz/article/177419-tilektes-espolov-maqsat-alemdik-denhgeydegi-universitetke-koeshu
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты