Тілдік олимпиада - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #1917 Статистика

Тілдік олимпиада

Бүгінгі таңда шетел тілдерін білу жас ұрпаққа білім кеңістігінде еркін әрекет етуіне, ғылым әлемінің құпияларын ашуға және олардың әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін қажеттілік болып табылады.

2020 жылдың 15-18 ақпанында ҚазҰАУ Шетел тілдер кафедрасы барлық мамандықтардың 1 курс студенттері арасында университеттің 90 жылдығына арналған олимпиада өткізді. Аталған іс-шараға кафедра оқытушылары Ерсұлтанова Гаухар Тілеуқабылқызы және Бейкутова Арайлым Мұратбекқызы жауапты болып тағайындалды.
 
Жыл сайынғы олимпиаданың мақсаты - оқушылардың сөйлеу құзіреттілік деңгейін анықтау, шет тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, жас буынның бәсекеге қабілеттілігін дамыту. Сонымен қатар, олимпиаданы ұйымдастырушылар цифрлық революция дәуірінде қағаз бен қағаздан жасалған бұйымдарды шамадан тыс пайдалану мәселесін көтеріп, «Еco friendly society» , яғни «экологиялық таза қоғам» идеясын қолдады, осылайша оқу процесін қағаз бұйымдарсыз ұйымдастыру мүмкіндігін көрсетті.
 

Қатысушылардың жалпы саны - 55 студент. Олимпиада үш турда өтті: бірінші тур - онлайн лексикалық және грамматикалық тест.

Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша тестілеуден ең көп балл алған 15 оқушы іріктеліп, келесі турларға қатысуға жіберілді. 2-3 айналым:
“Presentation”, “Advertisement”, “Dubbing”“Artist”, «Таныстыру» кезеңдерінен тұрды. Онда студенттер әр түрлі тақырыптарда ауызша сөйлеу,  жарнамалау,  отандық мультфильмдерді дубляждау және сөйлеу әрекетінің 4 түрі бойынша тапсырмаларды орындады.
 
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу процесі оқытушылар мен қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты