«Таза сессия» акциясы басталды - Казахский Национальный Аграрный Университет
Новость #1854 Статистика

«Таза сессия» акциясы басталды

2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап Қазақ ұлттық аграрлық университетінде қысқы емтихандар кезеңіне орай     «Таза сессия» акциясы басталды.

Осы күннен бастап университетіміздің Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.А.Дауренбаеваның басшылығымен және «Parasat» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру орталығы мен «Sanaly urpag» клубының ұйымдастыруымен және «Parasat» мектебінің алғашқы түлектерінің қатысуымен оқу орнының факультеттерінде «Таза сессия» акциясы жүзеге асырыла бастады. Шара барысында оқытушылармен және студенттермен таза сессия өткізуге байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық брошюралар таратылды.  Сонымен қатар, Акция барысында студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа жасырын сауалнама жүргізілетін болады.
 

Акцияның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы насихаттау, жемқорлыққа қарсы іс- қимыл шараларын жетілдіру, студенттер арасында заңдылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. «Таза сессия» акциясы ағымдағы жылдың 18 қаңтарына дейін жалғасады.
 
ҚазҰАУ Тәрбие бөлімі
Читайте также Архив новостей