Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! - Казахский Национальный Аграрный Университет
Новость #95 Статистика

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

15 желтоқсан күні, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Мәжіліс залында кеңейтілген ректорат өтті. Тәуелсіздік күніне орайластырған жиынға ректорат мүшелері, оқу орнының оқытушы-проофессорлық құрамы мен студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты.

фото
Жиынды университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов құттықтау сөзбен ашып, егемендігіміздің арқасында республикамыздың жеткен жетістіктеріне тоқталып, университеттің алдағы міндеттемелері туралы баяндады:
 
Құрметті әріптестер, оқытушылар, студенттер!
 
Жаңа ғасырда жаңа мемлекет құрып отырған Қазақстан биыл жиырма үшінші рет Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтпек.

Өркениетті даму жолына түскен мемлекетіміз үшін бұл  күн -қасиетті мереке. Тәуелсіздік – барша халқымыз үшін ең қадірлі де баға жетпес құндылық. Біз үшін бұдан асқан бақыт, бұдан қымбат байлық жоқ. Сондықтан оны қадірлеп, қастерлеу әр азаматтың міндеті.
Бұл мереке мемлекетіміздің ерекше қуаты мен еркіндігінің, ұлттық келбеті мен абырой-беделінің, азат рухының нышаны болып табылады.  Біздің ата-бабаларымыз егемен ел болуды сан ғасыр армандаған еді. Сол арманға бүгінгі ұрпақтың қолы жетті. Тәуелсіздіктің арқасында іргеміз бүтінделіп, еңсеміз көтерілді.

Ұлан-ғайыр даламыздағы ұлт пен ұлысты бір мақсатқа біріктіріп, Тәуелсіз еліміздің іргесін қалап, береке-ынтымағымыздың тірегіне айналған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқын кемел болашаққа бастаушы Кемеңгер тұлға ретінде, аз ғана уақыт ішінде елімізді әлемдегі беделді мемлекеттер қатарына қосып, ел мәртебесін асқақтатты.

Республикамыз орташа дамыған индустриалды ел болу міндетін ойдағыдай шешіп, бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттер қатарына қосылды. Бұл ретте еліміздің қалыптасып, дамуы тікелей Елбасының есімімен тығыз байланысты екені даусыз.
Бүгінгі күні елімізде барлық салада инновациялық бағыттағы ірі жобалар жүзеге асырылуда.  Осы орайда, Елбасы тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағадарламасында негізінен 4 бағытты ерекше дамыту көзделген: жаңғыру, инновация, ғылым мен өндірістің интеграциясы және халықтың әл-аухаты.

Биылғы жылдың қараша айында Елбасы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялағанын білесіздер. Президент дәстүрлі Жолдауында «Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлді. Елімізде индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде озық 10 жоғары оқу орны анықталып, олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға 10 миллиард теңге бөлініп отыр. Солардың ішінде біздің университет те бар. Осының өзі - біздің университетке деген зор сенімнің уақыт өткен сайын артып келе жатқандығын көрсетеді.

Өздеріңіз білесіздер,  қазіргі кезде біз Мемлекеттің берген жаңа мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Ұлттық зерттеу университетіне трансформа­циялану бағытында жұмыс жасап келеміз. Заманға сай даму үшін жаңа технологиялырды игерген, жаңаша ойлайтын білімді мамандар қажет екені белгілі. Сондықтан Мемлекет басышысы ел жастарына әлемдік деңгейдегі білім алуына барынша жағдай жасап келеді. Өйткені озық білім мен ғылымды игерген жастар ­- еліміздің ертеңгі тірегі. Біздің мақсатымыз - стуенттерімізге тиісті білім беріп қана қоймай, оларға рухани-патриоттық тәрбие беру.

Мемлекет ұстанған оңтайлы саясат әсіресе, ауыл жастарының келешегіне үміт пен сенім ұялатты. Қазіргі уақытта ауыл жастары заманауи озық біліммен қаруланып, еліміздегі жоғары оқу орындарымен қатар, шетелдің беделді университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болуда. Туған тамырынан нәр алған осы жастардың легіне біз дұрыс бағыттағы білім мен тәрбие бере алсақ, олар келешекте біздің ұлттық потенциалымыздың негізгі көрсеткіші болатыны даусыз. Сондықтан ауылда туып, ата-баба салтынан ажырамай, дәстүрімізді дәріптеп, құндылықтарымызды бойына сіңіріп өскен ұрпақтың болашағын қамтамасыз ету елдік мақсат болып отырғаны даусыз.

Сондықтан, ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманын жүзеге асырған бүгінгі Тәуелсіз ұрпақ - Елбасы анықтап берген «Мәңгілік ел» идеясы төңірегіне жұмылуға тиіс. Халқымыздың бірлік пен ынтымағы тарқамасын.    

Баршаңызды еліміздің Туелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Читайте также Архив новостей