Тәрбие ісі маңызды - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #318 Статистика

Тәрбие ісі маңызды

16 жылдың 23 қарашасы күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде "Алматы қаласындағы криминогендік жағдайдың алдын алу" тақырыбында Медеу және Бостандық аудандарының  ІІБ өкілдерінің қатысуымен жоспарланған кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты студент жастарымыздың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырып, азаматтық қоғамның сауатты, салауатты азаматын  тәрбиелеу.

photo
photo
Кездесу барысында Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі Абиров Максат Ержанұлы, Медеу ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Сламджанова Ларида Мұхамеджанқызы қатысып, студенттермен әңгіме-дәріс жүргізіп, сұрақтарына жауап берді.
Іс-шараға қатысқан мамандар  қазіргі таңда Алматы қаласындағы ЖОО студенттердің арасында кездесетін қылмыс түрлері туралы ақпарат беріп, қылмыс жасаған азаматқа қолданылатын жаза түрлері туралы баяндады. Кездесуге қатысқан студенттер тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылып, жауап алынды.
Іс-шара "Тәрбие жұмысын ұйымдастыру - әдістемелік қамтамасыз ету" бөлімі тарапынан  ұйымдастырылды.

photo
PHOTO
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты