«Тағам өнеркәсібі күні» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1109 Статистика

«Тағам өнеркәсібі күні»

           Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті «Технология және биоресурстар» факультеті «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында «Технологтар күніне» орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталмыш шара жыл сайын өтетін дәстүрге айналды.
Жоспарға сәйкес факультет деңгейінде өткен ауқымды іс-шараға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша сабақ өтуге келген Тәжікстан технологиялық  университетінің оқытушылары (Бобоев Сирожиддин Шарофиддинович, Мирзозода Гулмахмад Хол) және студенттері, сонымен бірге өзіміздің кафедра оқытушылары, студенттері қатысты. Мерекелік іс-шара Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің әнұраны орындалуымен басталды. Кафедра меңгерушісі б.ғ.к., профессор Л.А.Мамаева сөз сөйлеп, мерекелік іс-шараны ашып берді.
 
photo   photo
photo   photo

Мерекелік іс-шараға «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» және «Қайта өңдеу өндірістері технологиясы» мамандықтарының 1-ші курс студенттері тыңғылықты дайындалған. Азық-түлік өнімдері технологиясы және Қайта өңдеу өндірістері технологиясы мамандығының студенттері еліміз, Отан туралы патриоттық әндерімен және күйлерімен өнерлерін паш етті. Студенттер азық-түлік өнімдерінің өзекті мәселелері бойынша презентациялар жасап және осы салада жаңа жаңалықтармен бөлісті. Сонымен қатар, студенттер әр-түрлі интеллектуалды ойындар ұйымдастырып, өз қолдарымен торт дайындады және концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
ҚР Тұнғыш президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде атап өткендей: «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек. Мен жастарға сенемін!», деген өсиет сөздері жүзеге асыру барысында осындай іс-шаралардың маңызы зор деп сенімді айтуға болады.

photo   photo

photo
Бұл тағам өнімдері ғылымының Қазақстандағы болашағын әрі сөзсіз маңдай алды ғылым ретінде дамуы керектігін көрсетеді. Әлемдік бәсекенің алдында жүргісі, ғаламды тамсандырып, адам баласының озық даму деңгейін бағындырғысы келетін, Қазақ елінің тағам өндірісі саласына терін төгіп, ерен еңбегін сіңіріп жүрген барша технолог мамандарға, еңбек жемісінің ұрпақ игілігіне жарасын деп тілек білдіреміз. Әлем біздің технологтардың табысына тамсана қарасын.
 
 
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі»
кафедрасының оқытушылары Л.Мамаева, А.Алмағанбетова, П.Ашимова

 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты