Студенттік өмір - игі өмір бастауы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #683 Статистика

Студенттік өмір - игі өмір бастауы

Қазақ ұлттық аграрлық университеттінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ветеринария» факультетінің студенттік өзін-өзі басқару ұйымы, «Ветеринариялық саниттариялық сараптау және гигиена» кафедрасының менгерушісі Қ.Д.Алиханов, 1 курс студенттерінің аға тәлімгері М.Р Турабековтың ұйымдастыруымен, «Студенттік кәсіподақ комитетінің» төрағасы А.Ж.Смановтын қолдауымен № 5 «Жалын» студенттер үйінде «Студенттік өмір-игі өмір бастауы» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шараға 1курс студенттері белсене атсалысып, өз өнерлерін көрсетуден, ұлттық тағамдарды даярлаудан сынға түсті. Сайысқа 1 курс студенттерінен құралған топтар: «Шаңырақ», «Сұңқар», «Жалын», «Қыран», «Жалынды жастар» қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты - Қазақ ұлттық аграрлық университеттінің студенттерінің  рухани патриоттық сезімін нығайтып, зияткерлік әлеуетін шығармашылық бастамаларын дамыту, бос уақыттарын үнемді пайдалануды қалыптастыру.

фото

«Ветеринария» факультетінің  оқытушылары мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымы

фото
фото

Күйші қыздар өз өнерлерін көрсетуде
 
фото
фото

«Павлин» биі
 
Сайыс өте қызықты, тартысты өтті, көрермендерге қызықты да әсерлі ой қалдырды. Өз кезегінде белсенді студенттер студенттік декан  Орақбай Сымбат, студенттік кеңес төрайымы Нұрланбекова  Ақтоты, студенттік кәсіподақ төрағасы  Сексен Ұлдана студенттік ұйымдардың қызметін арттыруда іс- шараға белсене қатыса білді.

фото

Әділ қазы алқасы мүшелері
 
фото

Әділ қазы алқасы мүшелері сыйақы табыстауда
 
фото

Мерекелік іс-шараға әділ төрелік еткен әділ-қазылар құрамы: Ғалия Сусамырқызы, Б.З.Науқанбайқызы, А.Ж.Сманов, А.Д.Алиханов,  М.Р.Турабеков,  М.А.Майлыбайұлы,  А.К.Махмутов. Абжалиева А.Б
Бақ сынасқан топтар  арасында әділ-қазы алқаларының шешімімен  өзгелерден 10 ұпаймен оқ бойы озып шығып 1 орынды «Жалынды жастар» иеленді, 2 орынды  «Сұңқар» қанағат тұтып, 3 орынды «Жалын» мен «Қыран» теңдей бөлісті.
«Ветеринариялық саниттариялық сараптау және гигиена» кафедрасының, 1курс студенті Фариза Кеңес Айдарқызы бастаған топ үздік атанды. Іс-шара соңында орын иегерлеріне Алғыс хаттар мен  «Студенттік кәсіподақ комитетінің» төрағасы ақшалай сыйақы табыстады.
 
  Орындаушылар: «Ветеринариялық-санитариялық сараптау  
және гигиена» кафедрасының оқытушылары - Алиханов К.Д.,
1 курс студенттерінің аға тәлімгері Турабеков М.Р., Абжалиева А.Б. Аллабергенова А.Д.
 
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты