Студенттердің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесуі - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #1713 Статистика

Студенттердің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесуі

2019 жылы 7 қарашада "технология және биоресурстар" факультетінде студенттердің Алматы қаласының құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесуі өтті.
"Тамақ өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" және "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" кафедраларының 1-ші курс кураторлары Ж. Әбіш, С. Сейдегазиев ұйымдастырған іс-шараға, факультет деканы Б.А. Буралхиев, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары У.А. Нуралиева, Алматы қаласы прокурорының аға көмекшісі Е.К. Қасымбаев, Бостандық ауданы прокуратурасының бөлім бастығы С.Н. Сұлтан, аға учаскелік инспектор, полиция майоры Р. К. Мәсімова және 1-ші курс студенттері қатысты.
 

Аталған іс-шара жастарды қолданыстағы заңнама нормаларымен таныстыру, студенттердің құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілді.
"Тамақ өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасында оқитын факультет студенттері қаладағы қылмыстық жағдай, құқық қорғау органдарында жұмыс істеу ерекшеліктері, құқық бұзушылықтың қандай да бір түрлері және т. б. сұрақтарға жауап алды.
Қонақтар өздерінің кәсіби білімдерімен және практикалық тәжірибесімен бөлісті. Мұндай кездесулер бірнеше жыл бойы факультетімізде өтуде әрі білім алатын студенттер үшін өте пайдалы. Алған білім қолданыстағы заңдарды жақсы түсінуге, өз елінің заңға мойынсұнушы және патриоттары болуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз
 
 
 
Кафедра меңгерушісі Мамаева Л. А. 
Каф. меңгерушісінің тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары Жалелов Д. Б.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты