«Springer Nature» баспасының семинарын өткізгені туралы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1342 Статистика

«Springer Nature» баспасының семинарын өткізгені туралы

2019 жылдың 4 ақпанында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Springer Nature» баспасының төмендегі тақырыптары бойынша семинары өтті:
  1. Ғылыми зерттеу жұмыстарында SpringerLink платформасын пайдалану;
  2. Зерттеу тақырыптары бойынша журналдар мен мақалаларды іріктеу. Шынайы емес «жыртқыш» журналдардан қалай аулақ болуға болады;
  3. Сапалы мақаланы дайындау және оны рейтінгісі жоғары журналдарда жариялау жолдары.

Springer Nature халықаралық компаниясы техника, медицина және әртүрлі ғылым салалары бойынша әлемдегі ірі және көне ғылыми баспалардың бірі.
Springer Nature баспасы халықаралық ғылыми қауымдастық арасында үлкен атақ пен беделге ие:
  • Springer-дің барлық басылымдары, журналдары (3500-ден аса) мен кітаптары (250000-дан аса) қатаң тексеруден өтіп, объективті сараптамамен бағаланады.
  • 3500-ден астам Springer Nature журналдарының 1800 журналы импакт-факторы бар Thomson Reuters деректер қорында индекстелген  және 2454 журнал Scopus деректер қорында индекстеледі.
  • Springer Nature журналдары «жыртқыш» емес.
  • «Springer Nature» журналдары Қазақстанда танымал және жыл сайын қазақстандықтардың 400-ге жуық мақалалары мен кітаптары «Springer Nature» журналында жарияланады.

Семинар барысында «Springer Nature» баспасының лицензиялық менеджері Ирина Александрова баспа қызметімен таныстырып, импакт-факторы бар шетелдік журналдарда ғылыми мақалаларды жариялау рәсімін егжей-тегжейлі түсіндірді. Семинарға қатысушылар SpringerLink ресурстарының мүмкіндіктерімен танысты.
 
Ғылыми кітапхана
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты