Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің магистранттары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Агрономия» кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
Университет қашықтықтан білім беруге көшті
Новость #1941 Статистика

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің магистранттары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Агрономия» кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті»

2020 жылдың 17-26 ақпан аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Агрономия» кафедрасында Көкшетау қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, С.Садвакасов атындағы аграрлық-экономикалық институты факультетінің  «6М080100-Агрономия» мамандығы бойынша 2 курстың магистранттары Абжанова Асель Кульбаевна., Жұқаш Жамбыл Маратұлы., Кабдирова Балғын Сайлаубекқызы., Мусайбекова Улжан Нуржановна ғылыми тағылымдамадан өтті. Бірінші күні «Агрономия» кафедрасының меңгерушісі, а.ш. ғ. д., профессор С. Кененбаевпен кездесіп, диссертация тақырыбтары талқыланды. Ғылыми тағлымдамадан өтетін магистранттарға кафедра меңгерушісінің ғылыми істер жөніндегі  орынбасары Е. Жаңбырбаев жауапты болып тағайындалды.
 

Тағылымдама бағдарламасы кафедраның ғылыми-зерттеу бағытымен, оның ішінде оқу үрдісімен, кафедраның және "Агробиология" факультетінің негізгі бағыттарымен танысты. Тағылымдама барысында кафедраның жетекші профессор оқытушыларынан дәрістер курсын тыңдап, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға қатысып, кафедраның зерттеу жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, олар университет кітапханасының электронды базасының материалдарымен, Агротехнологиялық ХАБтың, Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының жұмысымен және жылыжайдағы жұмыстармен танысты. 
 
Бағдарлама соңында ғылыми-тағылымдамаға қатысқаны туралы сертификат берілді.
 
  
Орындағандар
Жанбырбаев Е. А.
Баядилова Г. О.
Есенбаева Г. Л.

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты