Scopus Award Kazakhstan 2019 бойынша үздік зерттеуші анықталды - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #1835 Статистика

Scopus Award Kazakhstan 2019 бойынша үздік зерттеуші анықталды

Табынов Қайсар Қазыбайұлы, профессор, ҚазҰАУ Агротехнологиялық Хабы директорының халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, Scopus Award Kazakhstan – 2019 беделді сыйлығының «Top Researcher in Agricultural Science» (Ауылшаруашылық ғылымындағы ең үздік зерттеуші) номинациясы бойынша жүлдегері атанды. Марапаттау рәсімі 2019 жылдың 12 желтоқсанында Нұр сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, сенаторлар, халықаралық компаниялардың басшылары, университет ректорлары, ғылыми ұйымдардың директорларының қатысуымен өтті.

ҚазҰАУ ректоры, профессор Есполов Тілектес Исабайұлы, сонымен бірге, 2019 жылдың 14 желтоқсанында осы марапаттың жеңімпазын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік жағдайда жоғары жетістікпен құттықтады.
 


Сыйлық туралы
Elsevier, ғылыми ақпарат саласындағы танымал көшбасшы компания, әлемде ғылымның дамуына белсенді түрде ықпал етеді. Осыған байланысты негізгі бағыттарының бірі - ғалымдардың қолдауы. Көптеген жылдар бойы компания басшылығы елдердің үкіметтерімен бірге әлемнің көрнекті зерттеушілері мен жас ғалымдарын марапаттады. Халықаралық Scopus Awards сыйлығы- ғалымдардың жетістіктерінің объективті көрсеткіші. Жеке автордың отандық ғылымды дамытуға қосқан үлесі жарияланған ғылыми мақалалар санымен және олардың халықаралық журналдардағы сілтемелерімен өлшенеді және субъективті бағалауды болдырмайды. Жарияланған мақалалар саны әлемдегі ең ірі көп салалы реферативтік дереккөзі SCOPUS көмегімен индекстеледі, онда 5000 халықаралық баспалардың 23000 ғылыми - техникалық және медициналық журналдары бар. Scopus Awards алғаш рет Қытайда 2004 жылы берілді. Сол кезден бастап Латын Америкасында, Азияда, Еуропада, Үндістанда, Ресейде ең көп жарияланған және сілтеме берілген авторларға сыйлықтар берілді. Осы марапаттың арқасында өз ғылыми жетістіктерін халықаралық жоғары рейтингті ғылыми журналдарда жариялап жүрген танымал қазақстандық ғалымдарды табуға және анықтауға болады.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты