Сақтық шараларын бұлжытпай орындау баршамыздың міндетіміз - Казахский Национальный Аграрный Университет
Новость #1996 Статистика

Сақтық шараларын бұлжытпай орындау баршамыздың міндетіміз

2020 жылдың 15 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен  азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізілген болатын.

Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуына жол бермес үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Сақтық шараларын бұлжытпай орындау - баршамыздың міндетіміз.

Осыған сәйкес  2020 жылдың 19 наурызда сағат 00:00-ден бастап екі мегаполисте карантин жарияланды.

Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті төтенше жағдайға байланысты университет студенттерін ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап қашықтықтан оқытуды бастады.
Карантин режимі кезеңінде оқу орнының қызметкерлері кесте бойынша кезекшілікпен және қашықтықтан жұмыс жүргізетін болады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына телевизия арқылы жасаған Үндеуінде: «Бұл уақытша індет. Бұл індетпен күресуге барлық мүмкіндіктеріміз жетеді. Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірдей еңсереміз деп сенемін.

Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін мықты екенімізді көрсетуіміз керек. Сондықтан бәріміз бір адамдай жұмылып, бір адамдай күресуіміз керек.» –деді.

Әлем елдерімен қатар Қазақстанды да шарпыған індетпен күресіп, сақтық шараларын бұлжытпай орындау баршамыздың міндетіміз. Адамзаттың ең басты құндылығы – денсаулық.
Ел аман, жұрт тыныш болсын!

 
ҚазҰАУ ректоры,
ҚР ҰҒА Вице-президенті,
академик
Тілектес ЕСПОЛОВ
 
Читайте также Архив новостей