Рухани жаңғыру аяснда жаңа гуманитарлық білім «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасында дөңгелек үстел - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #1763 Статистика

Рухани жаңғыру аяснда жаңа гуманитарлық білім «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасында дөңгелек үстел

2019 жылдың қараша айының 21-ші жұлдызында «Агробиология» факультеті «Агрономия» мамандығы АГ-304П тобының студенттері Рухани жаңғыру аясында Жаңа гуманитарлық білім «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасында университеттің ғылыми кітапханасының оқу залында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Ұлттық аударма бюросының редакторы Назгүл Қожабекова, баспасөз хатшысы Сембиева Гүлназ, университеттің «Рухани жаңғыру» орталығының ғылыми қызметкерлері: Атыгаев Нұрлан Әділбекұлы, Нұргалиева Дина Жарылқасынқызы, кафедра меңгерушілері: Кененбаев Серік Барманбекович, Махамедова Бағлан Жакыпбаевна қатысты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бой­ынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау қажеттігін айтқан болатын. Осыған байланысты, таяу жылда қойылған міндеттің бірі - "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы.
 

Жобаның басты мақсаты - келер ұрпақты ұлттық жаңғыруға дайындау. Бәсекеге қабілетті жасты қалыптастыру. Білім саласындағы жаһандық бәсекеге не­ғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар. Сондықтан әлемнің үздік 100 оқулығын өз тілімізде сөйлету әрине құптарлық дүние. Біз үшін мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалынып отыр.
Аударманың мамандары қандай қиындықтарға тап болды және бұл жоба Қазақстан жастарына не бермек, бұл туралы дөңгелек үстел барысында Ұлттық аударма бюросының редакторы Назгүл Қожабекова әңгімелеп берді.
Назгүл Қожабекова –Экономика бойынша жеті кітаптың аудармасына қатысушы: «Экономикс» Грегори Мэнкью, «Менеджмент» Гриффин және «Кәсіпкерлік. Теория. Процесс. Тәжірибе» Дональд Куратко және т.б.
«Бірінші Мэнкьюдің оқулықтары өте ауқымды, ол төртінші рет жарияланды, бірінші және екінші басылымдар орыс тіліне аударылған, ал үшінші және төртінші басылымды біз ағылшын тілінен қазақ тіліне аудардық. Жобаның мақсаты оқулықтарды тікелей ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару болып табылады, - деді Назгүл Қожабекова
«Осы оқулықтарды аударудың барлық қағидаты орындалған. Мақсатымыз тек бұл оқулықтарды жариялау ғана емес, студенттерге осы оқулықпен бірге өздерінің білімін ары қарай жетілдіруге үлкен көмегін беретіні сөзсіз», - деді Ұлттық аударма агенттігінің редакторы.
Сөз соңында кафедра меңгерушісі С.Б.Кененбаев Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес әлемдегі танымал 100 жаңа оқулықты өз тілімізге аударып шығару, жастардың дүние жүзіндегі алдыңғы қатардағы жаңалықтарды оқып үйренуге, оларды болашақта өмірге пайдалануға жақсы мүмкіндік екенін атап айтты.
Келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, жастарға елімізде жасалып жатқан іс-шараларды өз мүмкіндіктеріне дұрыс пайдалануға кеңес берді.
Студенттер алған әсерлерін ортаға салып, болашаққа деген сенімдерінің айқын екендігіне көз жеткізді.
 
 
Кененбаев С. Б.
Барлыкова Н. А.
Тұрғанбай Г.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты