ОРАЗА ҚАБЫЛ БОЛСЫН! - Казахский Национальный Аграрный<br/> Исследовательский Университет
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #2030 Статистика

ОРАЗА ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

Құрметті достар, әріптестер! 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті ұжымы мен өзімнің атымнан барша мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен таза көңіл, шынайы ниетпен құттықтаймын!

Ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын. Ауыз бекіткен мұсылмандарға Алла мол сауаптан жазсын. Ниеттеріңіз оң болсын. Қасиетті Рамазан айында тілеген тілектеріміз, берген баталарымыз, істеген амалдарымыз, айтқан тілектеріміздің барлығы қабыл болсын!

Рамазан – жақсылық пен берекет айы. Бұл айда адамдар бір-біріне ерекше қайырымдылық көрсетіп, қарапайымдылықты сақтап, аспай-таспай, кең дүниені тарылтпай, адал жолмен жүріп, мол жақсылық жасап, үлкендерден бата алып, бір-біріне тілекші болуы тиіс.

Біреуге жақсылық тілеп, қамқорлық жасауды ойласаңыз Сіздің тәніңіз ғана емес,  жаныңыз тазараып, рухыңыз кемелдене түседі.

Оразадан оразаға еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болып жете берейік! 

Әлемі жайлап отырған бүгінгі сынақтан біздің еліміз де аман-есен өтетініне сенімдіміз. 

Әр шаңырақтан құт-береке, жақсылық-қуаныш, ырыс-ынтымақ кетпесін.

Ораза қабыл болсын!
 

Ізгі ниетпен,
ҚазҰАУ ректоры, ҰҒА Вице-президенті,
академик
Т.И.ЕСПОЛОВ
Читайте также Архив новостей