Өңірлерде ҚазҰАУ-дың «Ашық күні» ұйымдастырылды - Казахский Национальный Аграрный Университет
Новость #1994 Статистика

Өңірлерде ҚазҰАУ-дың «Ашық күні» ұйымдастырылды

2020 жылғы 20 қаңтар мен 6 наурыз аралығында Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының аудандарында мектеп және колледж бітірушілерге арналған ҚазҰАУ-ң «Ашық есік күні» іс-шаралары өтті.

Биылғы оқу жылына талапкерлерді жұмылдыру мақсатында университет тарапынан үлкен іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Білімгерлер контингентін қалыптастыру департаментінің 2020-2021 оқу жылының жоспарына сәйкес жыл басынан бері Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының аудандары мен қалаларының мектеп бітірушілеріне ҚазҰАУ-дің «Ашық есік күндерін» ұйымдастырылып, кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді. Нәтижелер бойынша 30 ауданда және 4 қалада болып 351 мектептер мен колледждерден 6837 түлектер қамтылды.

Университеттің «Ашық есік күні» іс-шаралары Басқарма басшысы-Ректордың кәсіби бағдар жұмыстары жөніндегі кеңесшісі, профессор И.Жанашевтың басқаруымен, Білімгерлер контингентін қалыптастыру департаменті мен аталған облыс аудандарына кәсіби бағдар жұмыстарына жауаптылардың ұйымдастыруымен өткізілді. Аудандардың Білім бөлімдерінің басшыларына, мектеп директорлары мен кәсіби бағдар жұмыстарын ұйымдастыруға ат салысқан директорлардың орынбасарларына,   сонымен қатар аудан мектептерінен университетке түсіп, үздік оқып жатқан 1-курс студенттері мен олардың ата-аналарына университет ректоры Т.И.Есполовтың атынан арнайы алғыс хат тапсырылды.
 

Іс-шаралар барысында мектеп пен колледждің болашақ түлектеріне, ата-аналарға  және басқа да қатысушыларға  Республикадағы білім беру саласы бойынша болып жатқан өзгерістер мен жаңа Жіктеуішке сәйкесті білім беру бағдарламалары, 2019 жылғы мемлекеттік білім грантына өткен шекті балл, бөлінген Мемлекеттік тапсырыс және 2020-2021 оқу жылына қабылдаудағы өзгерістер туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, Үкімет қаулысы бойынша, 2020-2021 оқу жылына ауыл шаруашылығы мен ветеринария білім бағдарламаларына гранттарды бөлуді Ауыл шаруашылық Министрлігі тарапынан жүргізілетіні және Білім беру бағдарламалары бойынша шекті балл көрсеткіші 70-тен кем болмайтындығы жайлы айтылды.

Сондай-ақ, ҚазҰАУ аграрлық саладағы жетекші университет ретінде 2020 жылы өзінің 90-жылдық Мерей тойын тойлауға даярланып жатқаны және бәсеке қабілетті мамандар дайындауда зерттеуші университетке трансформация жасалып жатқаны туралы айтылды.

Кездесулер кезінде  университет туралы  ақпараттық - таратылымдық материалдар толығымен үлестіріліп, бейнероликтер көрсетілді және байланыс телефондарымен алмасу өтті.
Соныменен қатар аудандық газеттерге ректордың «Алдағы мақсатымыз-әлемдік деңгейдегі университетке көшу» атты мақаласы жарияланды.

 
ҚазҰАУ Білімгерлер контингентін
қалыптастыру депатраменті

 
Читайте также Архив новостей