Нидерландылық әріптестермен бірлескен жоба - Казахский Национальный Аграрный<br/> Исследовательский Университет

Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #2186 Статистика

Нидерландылық әріптестермен бірлескен жоба

Қазіргі кезде Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Елшілігі Қазақ ұлттық аграрлық университетімен бірге Байбұлақ кентінде орналасқан оқу орнының «Агроуниверситет» оқу тәжірибе шаруашылығы базасында «Жеміс және жидек дақылдарының қарқынды бағын құру» бірлескен жобасын іске асыру үшін Консорциум шеңберінде Қарқынды бақ жобасын іске асыруда.

Бүгін осы бақта басталған жұмыстар барысымен таныстыру бойынша «Егіс күні» аясында өткен арнайы іс-шараға Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Елшілігінен Рональд Голдберг, ҚР АШМ Өсімдік өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов қатысты. Сондай-ақ, «Dutch Fruit Solutions Kazakhstan» компаниясы жобасының голландиялық жетекшісі Альфред Эверс іс-шараға онлайн қосылып, жоба ұжымының жоспарлы жұмысына сәттілік тілеп, университет ректоры Есполов Тілектес Исабайұлына ыстық сәлемін жолдады.   
 

Жобаның мақсаты – ҚазҰАУ-да «Dutch Fruit Solutions Kazakhstan» мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін ұсынатын компаниялар тобымен бірлесіп жеміс және жидек дақылдарының қарқынды бағын дамыту. Бұл жоба  жеміс шаруашылығын дамытудың мемлекетаралық Қазақстан-Нидерланды бағдарламасының құрамдас бөлігі.

Жеміс және жидек дақылдарының қарқынды бағында алманың перспективалы 12 сорты, алмұрттың 4, алхорының 10, шиенің 12,  көкжидектің 7 сорты, сондай-ақ Нидерландыдан келген құлпынай, қызыл қарақат және аспарагустың перспективалы 12 сорты сертификацияланған отырғызу материалымен 1,5 га алаңға салынады.
 

Бірлескен инновациялық жоба  - Нидерланды университеті мен ҚазҰАУ ғалымдары арасында сорттарды аудандастыру, Қазақстанның әр түрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін технологияларды жетілдіру бойынша ынтымақтастықты дамытуды көздейді.
 

Алматы облысы, Талғар ауданы, Байбұлақ кентіндегі Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Агроуниверситет» оқу-тәжірибе шаруашылығы базасындағы «Жеміс және жидек дақылдарының қақынды бағы» университеттің жеміс шаруашылығы, агрономия, су ресурстары, экология және т. б. саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыру бағытында білім алушылардың оқу-өндірістік тәжірибеден өтетін орны болып табылады.

Читайте также Архив новостей