«Музей түні» шарасында университет таныстырылды - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1533 Статистика

«Музей түні» шарасында университет таныстырылды

1977 жылы Халықаралық Музей кеңесі – ИКОМ (International Council of Museums – ICOM) 18 мамыр күнін Халықаралық музей күні деп белгіледі. Осы маңызды мәдени шараға бағытталып өткізілетін тақырыптық фестивальдар аз емес, соның ішінде ең танымалы – «Музей түні», соңғы жылдары кең таралды. Музей түні әлемнің көптеген қалаларында, 18 мамырға жақын түні өткізіледі.  
 
 

17 мамыр күні Алматы қаласында орталық музейде жастардың заманауи бастамаларын және жаңашыл бастамаларын қолдауға бағытталған «Жастар: бастамалар, жетістіктер» тақырыбында «МУЗЕЙ ТҮНІ-2019» шарасы өткізілді. Шара бағдарламасы еліміздің әртүрлі салаларының дамынуына үлес қосып, танымалдыққа ие болған оқу озаттары мен жоғарғы оқу орындарының түлектерінің табыстары мен жетістіктерін көрсетуге бағдарланған. «Біз – Қазақстанның болашағы» тақырыбында музейде көрсетілген Жастар қанаты келушілерді тарих, экология, музыка, өнер, дизайн, сәулет, ақпараттық технологиялар бағытындағы жоғарғы оқу орындарының студенттерінің шығармашылық, ғылыми, авторлық жұмыстарымен, жобаларымен таныстырды, сондай-ақ ЖОО ұстаздары мектеп түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.   
 
 

Дәстүрлді музей түні шарасына Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары да қатысып, жастарды тоқсан жылдық тағылымды тарихы бар білім шаңырағында оқытылатын мамандықтарды таныстырды.
Шараға сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚызПУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, «Тұран» университеті, «МУИТ» АҚ, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі, Қазақ спорт және туризм академиясы, ҚазМСҚА, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, Алматы университеті; Алматы мемлекеттік технологиялар және қызмет көрсету колледжі, Жас суретшілер одағы мамандары қатысып, өз оқу орындарының таныстырылымын өткізіп, оқушылармен пікір алмасты.
 

Даңқ аллеясына – оқу озаттары, ЖОО-ры мен колледж түлектері, республикалық және халықаралық фестивальдердің, конкурстардың, олимпиадалардың, студенттік универсиадалардың лауреаттары мен дипломанттары шақырылды.
Осы музей түнінде қала қонақтарына әртүрлі, қызықты және танымдық бағдарламалар, яғни музейдің және жеке жинақ қорындағы топтамалар көрмесі, Қазақстан, Түркия және Индонезия шеберлерінен кездесу және шеберлік-сағаттары ұсынылды.   

 
Білімгерлер контингентін қалыптастыру институты
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты