Мұқағали- мәңгілік ғұмыр - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1350 Статистика

Мұқағали- мәңгілік ғұмыр

2019 жылдың 15 ақпанында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, ВС-213 топ студенттерімен эдвайзерінің ұйымдастыруымен «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке Вроцлав университетінің профессоры Себастьян Опалински , «Ветеринариялық санитария және гигиена» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы қатысты.
Мұқағали – лирик ақын. Лирикада  адам болмысының, ішкі жан дүниесіндегі арпалыстар мен сезімнің түгел көрініс табатыны, жүрек дерті мен көңіл иірімдерінің бейнесі жоғары поэтикалық деңгейде өрнектелетіні белгілі. Махаббат лирикасы, саяси-азаматтық лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы – осының барлығын Мұқағали жырларынан кезіктіре аламыз.

Зулап күндер, жылдар аунап барады,
Жылдарыңнан қазақ бақыт табады.
Қадіріңді сәл кешірек білсек те,
Мәңгі есімің жадымызда қалады.
 
 

Кеш шымылдығын Абдухан Әбілхан мен Оңалбекова Индира М.Мақатаевтың «Махаббат диалогын» оқыды. М.Мақатаевтың сөзіне жазылған, әні Т.Мұхамеджановтыкы «Мен деп ойла » әніне тербеле вальс биледі.
Поэзия, менімен егіз бе едің?!
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім,- деп жырлағандай,саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері мәңгі мұра болып қала береді. Мұқағалидың өлеңдерін білмейтін қазіргі жастар аз шығар, осы орайда арнайы ақынға арнап Ветеринариялық санитария мамандығының 4 курс студенті Құсайын Көркем өзінің арнауын оқыды.
Поэзияға толы кеште ақынның әндерімен жалғасты.Омаров Айбек  пен Қонысбай Нұрсүйгеннің орындауында «Сенің көзің », Мұсан Нұризат пен Қонысбай Нұрсүйген «Есіңе мені алғайсың » әнін тебіренте орындады.
 


Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке,өз ұлтын сүйе білуге баулысақ,сол арқылы мына күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде де, күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген М.Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес.
Кеште «Алтай-Атырау», «Табыт үні», «Пай –пай өмір», «Күрсінбеші», «Ей өмір» және т.б өлеңдері оқылды.
 

Кеш соңында Себастьян Опалинскиге сөз берілді. Ол өз кезегінде Қазақстанға алғаш рет келіп отырғанын атап өтті. Кештің жоғары деңгейде болғанын айтып, қазақтың қара домбырасының үні ерекше ұнағанын айтты. «Ветеринариялық санитария және гигиена» кафедрасыныңтәрбие ісі жөнідегі орынбасары Абжалиева Аида Болатбекқызы кешті ұйымдастырушыларға рахмет айтып, студенттерге сәттілік тіледі.


Орындағандар: «Ветеринариялық санитария және гигиена» кафедрасының ПОҚ
Абжалиева А.Б.
Айдарбекова А.Б.
Толымбекова А.Б.
Губайдуллина М.Б.
Аллабергенова А.Д
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты