Новость #556 Статистика

Мичиган университетімен әріптестік

Отандық ауыл шаруашылық білімі мен ғылымының көшбасшысы – Қазақ ұлттық аграрлық университеті бүгінгі күні халықаралық байланыстарын кеңейтіп,  әлемнің жетекші аграрлық оқу орындарымен арадағы ынтымақтастықты дамытуда белсенді жұмыстар атқаруда. Университет басшылығы соңғы жылдары Азияның, Еуропа, АҚШ елдерінің  бірнеше университеттерімен тығыз байланыс орнатып,  ғалымдар мен студенттерді алмасу, ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша бірлесе зерттеулер жүргізу  үшін  өзара ынтымақтастық туралы  бірқатар келісімдерге қол қойған болатын.

photo
photo
photo
АҚШ мен Қазақ елі арасындағы әріптестік байланысты одан әрі жандандыру  мақсатында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Исабайұлы Есполов АҚШ Ист-Лансинг қаласы Мичиган университетінің өкілдерін қабылдады. Делегация құрамында Мичиган университеті Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры Норман Грехем  және Жаһандық және стратегиялық бастамалар бағдарламасының директоры  Стивен  Пуэппке болды.
Кездесу барысында Мичиган университетімен ғылыми жобалар саласы бойынша әріптестік орнату, сондай-ақ университеттің ауыл шаруашылығы және жаратылыстану оқу орындарының Жаһандық Консорциумына қосылуы мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Мичиган университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.
Ресми кездесуден кейін делегация «Байсерке Агро» шаруашылығына барып, шаруашылықтың қызметімен, базасымен танысты.
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты